ДИКТОР: Зеренді ауданының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерін бұзушылықтарды анықтау үшін ұшу аппаратын пайдаланады. Әуеден патрульдеу әдісін олар жазғы кезеңнен бастап қолданысқа енгізді.

РКС: Дронның көмегімен полиция қызметкерлері қозғалыс жолағына шығу және жол белгілерінің қиылысына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеп, жақын маңдағы нарядқа жібереді.

СНХ:ЕРКЕБҰЛАН ӘУТӘЛІПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Тәжірибе көрсеткендей, жыл басынан бері автожолдың осы бөлігінде бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген. Дронның көмегімен біз 18 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтадық. Негізінен көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, қарсы жолаққа шығу және қауіпсіздік белдігін тақпау фактілерін анықтаймыз.

РКС: Дронмен патрульдеу жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оның салдарының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолдарда апатты жағдай туғызатын жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауға көмектеседі.

СНХ:АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Биыл біз 100-ден астам тексеріс жүргіздік. Оның 70-сі апатты-қауіпті учаскілер. Облыс бойынша 66 макет жол-көлік оқиғалары немесе үй жануарлары жиі кездесетін жерде орнатылды.

РКС: Зеренді ауданының полиция қызметкерлері жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараны қабылдауда. Айта кетейік, жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы салдарынан 64 адам қайтыс болды, оның 9-ы бала.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ