ДИКТОР: Ақмола облысында құнды жәдігер табылды. Археологтар XIV-XVI ғасырда өмір сүрген әйелдің сүйегі табылды. Тағы бір қызығы сол кезде әйелдер мойнына аспалы айна іліп жүрген көрінеді. Әйелдің сүйегімен бірге аспалы қола айна табылды. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Зеренді ауданына қарасты Васильков ауылындағы ортағасырлық "Алтынтау" қорынан қола айна табылды. Әзірге бұл XIV - XVI ғасырдағы арудың айнасы деп болжам жасап отыр жауапты сала мамандары.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді. Жоспарға сәйкес биыл міне Жошы ұлысының 800 жылдығы. Соның құрметіне орай міне Шағалалы өзенінің бойында "Алтантау" қорымдарын зерттеуге кірістік. Археологиялық қазба жұмыстар 1 аптадай болды. Оның ішінде 2 қорған ашылып, зерттелді. Біреуі қайтадан қалпына келтірілді. Екінші қорымнан ортағасырлық жерлеу ғұрпы анықталды.

РКС: Археологтар "Алтынтау" ортағасырлық қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп, осындай олжаға кенілді. Бұл археологиялық экспедицияға археологтар ғана емес, сондай-ақ, ақын Алмас Темірбай да қатысты. Көкшетаудың тарихи 200 жыл бұрын емес, одан ерте басталса керек,-дейді қаламгер.

СНХ: АЛМАС ТЕМІРБАЙ, АҚЫН: Осындай экспедицияға қатысамын деп ниет білдірдім. Алғашқы археологиялық экспедициям сәтті болып жатыр. Бір апта бойы осы жерде жүрміз. Қола айна табылды. Жұрт түсінбеуі мүмкін жасыл болып кеткен түсі. Ол енді қола ғой. Су тигеннен кейін, топырақ тигеннен кейін жасыл түсті болып қалады. Оны химиктер біледі.

РКС: Көкшетау қаласының тарихы тереңде екеніне қазба жұмыстары кезінде табылған заттар дәлел бола алады,-дейді археологтар. Қорғаннан табылған айна зерттеліп болған соң, облыстық тарихи-өлкентау музейіне тапсырылады. Жалпы, өңірде 1 мыңнан астам ортағасырлық қорым бар.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ