ДИКТОР: Биыл Ақмола облысында 6 миллион гектар жерге дән сіңірілген. Егістік алқабына толық химиялық өңдеу жүргізіліп, зиянды жәндіктерден қорғау жұмыстары да жүргізілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі орақ науқанына қызу дайындалуда. Осыған орай, облыс орталығында аграршылармен жиын өтті. Тілшіміз Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Жалпы өңір бойынша орақ науқанына астық жинайтын 9 мың комбайн, 2 мыңнан астам дестелегіш және 5 мың КамАЗ бен автокөлік дайын тұр. Жанар-жағармай қоры жа жеткілікті. Сонымен қатар, Үкімет биыл өңір қожалықтарына арзандатылған бағада 80 мың тоннадан астам дизель отынын бөлді. Сондай-ақ, астық қабылдайтын 65 элеватор бар. Олар 4,2 миллион астықты қабылдауға дайын. Орақ науқаны осы айдың соңында басталады деп жоспарланып отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 5 пайыздық жеңілдетілген лизингпен ауыл шаруашылық комбайндарын, тракторын алуға қосымша 5 млрд теңге бөліп отыр тағы да. Қазірдің өзінде 260-тай техника алдық. Жаңа техника, жаңа комбайндар осы орақ кезінде астықты жинауға оң септігін тигізеді деп болжам жасап отырмыз. Ақмола облысы ол ауыл шаруашылығының жүрегі. Мемлекет тарапынан үлкен көмек бар. Енді соны тиімді пайдалану ең бірінші мақсатымыз. Сосын дұрыс ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Былтыр енді кішкене ауысымыз күйіп қалды. Сондықтан, былтырғы кемшіліктерді биыл қайталамау үшін алдын ала жоспарларды жасап жатырмыз.

РКС: Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында дақылдың 100-ден астам түрі бар. Орақ науқанына сақадай сай. "Технологияларды коммерцияландыру" бағдарламасы аясында 2 комбайн сатып алған. Бұл комбайндар егістік алқапта 25-30 гектарға жуық аумақтың өнімін жинауға оң септігін тигізеді,-деп үміттенуде орталық басшылығы.

СНХ: ЮРИЙ ДОЛИННЫЙ, А.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз диқандарға уақытында егінді қалай керек және қандай мерзімде жинау керектігі жайлы егжей-тегжейлі ұсыныс білдірдік. Өйткені, биыл айтарлықтау қиын болып тұр. Осы жылы сапалы өнім жинау біздің бірінші мақсатымыз. Барлық қожалықтардың алдында үлкен міндеп тұр.

РКС: Целиноград ауданына қарасты Родина ауылында 15 сүт фермасы бар. Онда күніне 80-90 тонна сүт және айран, қаймақ, ірімшік, май секілді 10 түрлі өнім шығарыды. Мұнда 2 мыңға жуық тұрғынның басым бөлігі жұмыс істейді. Ал компания өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін жыл сайын ауылға инвестиция құяды. Былтыр 791 миллион теңге бөлген. "Родина" сүт зауыты бүгінгі таңда Астана, Көкшетау және Қостанай қалаларын табиғи өніммен қамтып отыр. Алдағы уақытта отандық өнім жаһан бойынша көш бастап тұру керек,-дейді Иван Сауэр.

СНХ: ИВАН САУЭР, «РОДИНА» АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің жақын көршіміз, ең ірі астық экспорттаушы Ресей. Оның өнімі бізден үш есе жоғары. Мемлекет тарапынан да үлкен қолдауға ие. Әрине, олар біздің нарықта болады. Бірақ біздің одан да үлкен екінші көршіміз бар. Ол Қытай Халық Республикасы. Ол жақта жағдай басқаша. Оларға қарағанда бізде өсімдік шаруашылығын өндіруге және дамытуға жағдай жақсырақ. Сондықтан, біз әртараптандырумен міндетті түрде айналысуымыз керек.

РКС: Күзгі егін орағын бастауға ауа райы қолбайлау болып тұр. Ал синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын әлі де жалғасады деген болжам жасауда. Десе де, орақ науқаны жақын күндері басталады. Биыл 5 млн. тоннадан артық алтын дән жиналады деген үміт бар.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ