ДИКТОР: Су ресурстарын тиімді пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу - мемлекеттік органдардың алдында тұрған маңызды міндет.

РКС: Тамыздың 19-ы мен 21-і аралығында Есіл бассейндік инспекциясының басқармасы "Ашық есік күні" акциясын өткізді. Іс-шара барысында тұрғындар инспекция жұмысы мен атқарылатын функцияларымен танысты. Су Кодексінің негізгі міндеті-су ресурстарын экологиялық таза және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

СНХ: РУСЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Аталмыш іс-шараның мақсаты- заңды және жеке тұлғаларды су заңнамасын сақтау мен су шаруашылығын жүргізумен таныстыру.

РКС: Биылғы су тасқынының салдарынан көптеген елдімекен зардап шекті. Осыған орай инспекция бөлімі су тасқынын болдырмау және алдын-алу шараларына бағытталған бірқатар жұмыс атқаруда.

СНХ: РУСЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Гидротехникалық құрылыстар көктем-жаз мезгілінде тексерілді. Облыс аумағында барлығы 74 гидротехникалық құрылыс орналасқан. Ақмола бөліміне қарайтын 40 гидротехникалық құрылыс тексерістен өтіп, оның әрқайсысы бойынша тиісті ұстау бөлігінде жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берілді. Қазіргі таңда табиғи ресурстар басқармасы осы құрылыстарды қайта құру және жөндеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

РКС: Есіл бассейндік инспекциясының мамандары су тасқыны салдарын жою және өңірдегі су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысуда.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛИНА ЗАРУБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ