ДИКТОР: Көкшетауда "Бір ауыл - бір өнім" атты шағын және орта бизнес өкілдерінің көрмесі өтті. Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шараға 40-қа жуық кәсіп иесі қатысты. Мұнда қойылған бұйымдар мен тағам түрлері ерекше және сан алуан.

РКС: Қосшы қаласының тұрғыны Жазира Қалилаеваның соңғы үлгідегі қалың, әрі әсем кілемдерді тоқумен айналысып жүргеніне жарты жыл болған. Ол арнайы аппараттың көмегімен тафтинг әдісі арқылы түрлі кілемдер, декоративті жастықтар, жайнамаз, көлікке арналған төсеніш және түрлі персонаждарды тоқиды.

СНХ: ЖАЗИРА ҚАЛИЛАЕВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Бұл қолөнер, барлығы қолмен жасалады. Жасалу жолы бір екі күн. Аппаратпен кез келген сызбаны қабырғаға сызу арқылы прожектордың көмегімен сызып аламыз. Ол кез келген персонаж болуы мүмкін. Ұлттық, не болмаса бала бақшаларға жасаймыз. Акриловый матадан, сиырдың қойдың жүнінен. Жасалу жолы қарапайым, сұраныста бар. Өйткені тапсырыс берушімен бірге оның сұранысы бойынша жасаймыз. Эко өнім ешқандай аллергия бермейді. Қалың, ламинат үстінде сырғанамайды.

РКС: Аршалы ауданының тұрғыны, 5 баланың анасы - Айжамал Шәкірова нан қалдықтарынан мал азығын жасайды. Елордаға нан қалдықтарын тастайтын бірнеше жәшік қойған. Жиналған нан қалдықтарынан түрлі дәрумендер қосылған жем дайындайды. Айтуынша сұраныс жоғары.

СНХ: АЙЖАМАЛ ШӘКІРОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Сұраныс жақсы, екі фирма сұраныста отыр. олармен договорға отырамыз. 3-4 айдан бері енді қолға алып жатымыз, әзірге Астана қаласында бір жерінде ғана 10 бошканы ғана қодық. Тұрғындар қолдап жатыр бізді. өйткені нан обал болып аяқасты болмайды. Нанның бәрі бұрын мусорға кететін. Қазір халық біледі мусорға салмайды. Контейнердің сыртында нан қалдықтарына арналған деген жазу бар. соған апарып тастайды.

РКС: Нұргүл Омарова осыдан 4 ай бұрын ұлттық стильде, яғни ою өрнектелген брусчатка шығаруды қолға алған. Өзбекстанға барып үйреніп, Ресейден шағын аппарат сатып алады. Әзір 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Болашақта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.

СНХ; НҰРГҮЛ ОМАРОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Болашақта сауда алаңын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Көршілес облыстарға шығып, жақын шетелге сату да жоспарда бар. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен келіссөздер жүргізбекшіміз.

РКС: "Бір ауыл - бір өнім" көрмесіне қатысқандардың арасынан 10 жоба келесі кезеңге қатысуға іріктеліп алынды. Енді олар ең үздік номинациясы үшін бақ сынаспақ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ