ДИКТОР: «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру мәселесі қаралды. Биыл аталған бағдарлама аясында 130-дан астам шараны жүзеге асыру жоспарланған. Облыстық басқармалардың мәліметтеріне сүйенсек, 4 пункт бойынша жобалардың орындалмай қалу қаупі бар.

РКС: Былтыр жүзеге асырылмай қалған 14 жобаны аяқтауға қатысты қолданылып жатқан шаралар кеңесте жан-жақты талқыланды. Көкшетаудағы жоғары техникалық коллежінің жатақханасының құрылысы уақытында аяқталмай қалған. Оған ең алдымен мердігер ұйымның келісім-шарт міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауы және жұмыс кестесінен кешеуілдеуі себеп болған. Биыл облыс қазынасынан қосымша тағы 500 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Нысан жуыр арада қолданысқа берілмек.

СНХ: АЛМАГҮЛ ШҰҒЫРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 44-ші пункт бойынша агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты жоспарға келсек, Аршалы мен Сандықтау аудандарында 2 ет фермасын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіш орындалған жоқ. Сондай-ақ Егіндікөл мен Жақсы аудандарында сүт-тауарлы ферманы құруға қатысты жоспарда орындалмады. Жақсы ауданында астық сақтау қоймасының құрылысы аяқталған жоқ. Жарқайың ауданы мен Қосшы қаласында қайта өңдеу саласында 2 жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады.

РКС: Жыл соңына дейін инвестициялық 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның 21-і орындалды. Жол картасы аясында жоспарланған шаралардың орындалмай қалу қаупі бар. Мәдениет саласының 4 нысанын жөндеу, стадионға күрделі жөндеу жүргізу, газ тарату желілерінің құрылысы бітпей қалуы мүмкін.

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әлеуметтік-экономикалық дамуымыз тұрақты болсын десек, басталған жобаларды аяқтау үшін қосымша қаржыландыру қажет. Бұл біз үшін негізгі басымдық. Облыс пен әр аудан әкімдігі үшін «Жол картасына» ерекше басымдық берілетінін айтқым келеді. Кейбір бөліктердің орындалмауы, қаржыландыру жоспарында бірқатар сұрақ бар. Оны с із бен біз болып жоспарлы түрде шешеміз.

РКС: Кеңесте алдағы жылу беру маусымына дайныдық мәселесі де пысықталды. Күні бүгінге дейін 700-ден астам қазандық, 680-дей білім беру нысаны, денсаулық сақтау саласының 400-ге тарта ғимаратымен қатар 1700-ге жуық тұрғын үй дайын. 34 шақырымға жуық жылмен қамту жүйесін жөндеу жоспарланған еді, соның 20 шақырымдайы жүзеге асырылды.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ