ДИКТОР: Мәдени-тарихи ескерткіштерді, өзге де рухани мәдениет құндылықтарын, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жойып-қиратып бүлдіріп тып-типыл тонау әрекеті тыйылар емес. Мұны вандалимз деп атаймыз. Онымен қанша күрессек те, оған әзірге тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. Биыл облыс аумағында вандализмге қатысты бір дерек анықталды. Тілшіміз Сабина Жамшитова баяндайды.

РКС: Вандализмнің қоғамға тигізер зияны орасан. Өскелең ұрпақты бұл әрекеттен аулақ болуды ескерту-қоғамның міндеті. Вандализмге жол бергендерге қатысты жаза да қатаң.

СНХ: НАРИМАН НҰРЖАҚСИН, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ПОЛИЦИЯ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Вандализм Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 294 бабы бойынша,яғни мемлекет қорғайтын мәдени тарихи мұра объектілері, мәдени ескерткіштер және табиғи объектілерді сурет салу,жазу, қоғамдық тәртіпті бұзу, қорлау. Осы 294 бабты бұзған тұлғаларға 40 күндік тәулік бойынша қамауға алынады және 51650 ге айыппұл салынады. Жедел орталық басқармасына хабарласып тергеу шараларын жүргіземіз.

РКС: Тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер туралы ескертулері бар тақтайшалар орнатылады. Облыстағы оқу орындарында вандализм актілеріне қарсы түрлі дәрістер, акциялар өткізіледі.

СНХ: ГҮЛМИРА ЖАМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Ақмола облысының аумағында жыл сайын тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заңнаманың аясында ескерткіштердің сақталуына, вандализм фактілерін анықтауға, жергілікті жерлерде мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ зерттелмеген аумақтарда тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтауға қатысты археологиялық сараптама жүргізіледі.

РКС: Вандализмге қарсы қатаң шаралар қолданудың қоғам үшін маңызы зор.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ