ДИКТОР: 1990 жылы қолданысқа берілген Бурабай ауданындағы Қарашілік орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім ошағын жаңғыртуға 171 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді.

РКС: Айта кетейік, облыс бойынша 20 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, жұмыстар аяқталуға жақын. «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көріп отырған Қарашілік орта мектебінің оқушылары жаңа оқу жылын жаңарған мектепте бастамақшы.

СНХ: МЕЙРАМБЕК ЖАҚСЫБАЙ, ҚАРАШІЛІК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы мектепте оқимын. 6-шы сыныпқа көштім. Осы мектепте ремонт жасап жатыр, маған осы мектеп өте қатты ұнады. Жаңа оқу жылында жаңа мектепте оқимыз.

РКС: Ауыл мектебінде 93 бала білім алады. Күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, ішкі әрлеу де қарқынды жүргізілуде. Жоспарланған межеде аяқталады деп отыр мердігерлер.

СНХ: МАХАББАТ УӘЛИЕВА, ҚАРАШІЛІК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 30 майдан бастап біздің мектепте күрделі жөндеу жұмысы басталды. Көкшетау қаласынан «Нұр-21» фирмасы ұтып алды. Бұл күрделі жөндеуге бөлінген қаражат 171 млн. 826 590. Бұл жерге мектептің шатыры кіреді. Одан қалды терезелер ауыстырылды және де фасад, мына кіреберіс есіктер. Барлығы осы суммаға кіреді.

РКС: Барлық жұмыс 30-шы тамызда аяқталуы тиіс. 34 жылдан кейін жаңартылып отырған білім ошағының оқушылары үшін 1-ші қыркүйек қос қуанышқа айналмақ.

САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ