ДИКТОР: Көкшетауда өрт сөндірушілер кеше түнде бір мезетте екі өртті сөндірді. Оқиға Застанционный шағын ауданында болған. Бірінші оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 20 шаршы метр аумақтығ төбесін өрт шарпыды. Тілсіз жау 25 минут ішінде ауыздықталып, кейін толық сөндірілді. Екінші оқиға дәл осы жекеменшік тұрғын үйден бір шақырым жерде орын алды. Моншаға іргелес орналасқан шаруашылық ғимараты өртенген. Оның ішінде бензин мен керосин құйылған ыдыстардың, сондай-ақ бес газ және үш оттегі баллондарының болуы өртті ауыздықтауды біршама қиындатқан.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Екі жағдайда да өрттің шығуына адамдардың салрғыттығы себеп болған. Бірінші жағдайда өрт сөндірілмеген темекіден шыққан. Екінші жағдай, электр сымдарын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың салдарынан туындаған. Көкшетау қаласы өрт сөндірушілерінің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында бір мезетте екі бірдей өртті ауыздықтады. Осылайша олар қызыл жалынның жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді.

МАФТУНА НАЖИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ