ДИКТОР: Өңірде есірткі тасымалдауды астыртын жарнамалау ісі азаяр емес. Жастардың санасымен қатар, өміріне қауіп төндіретін бұл кесапаттың алдын алу қоғамның басты мәселесіне айналып отыр. Осыған орай Бас Прокуратураның тапсырмасына сәйкес Көкшетау қалалық прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен бірлесе «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасын ұйымдастырды.

РКС: Жастардың санасын улайтын есірткі заттарының таралуына жол бермеу. Өкініштісі, өскелең ұрпақ бұл дерттің құрбанына айналып, соңы қайғылы жағдайға ұласуда. «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында облыс орталығындағы Центральный мөлтек ауданы, Назарбаев даңғылының бойындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің қабырғаларында есірткі заттарының жарнамалары анықталды.

СНХ: АРДАҚ ӘНУАР, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ: Жобаның негізгі мақсаты – нашақорлықтың санын азайту, есірткі заттарын азайту. сонымен қатар өскелең ұрпақтың дені сау, салауатты болуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта қала аумағында бірнеше нашақорлықты жарнамалау фактілері орын алды. Осы бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар егер нашақорлықты, есірткіні насихаттау немесе жарнамалау фактілерін көрсеңіздер 102-ге хабарласуларыңызды сұраймыз. Ескерте кететін жәйт, осы бойынша ҚР қылмыстық кодесіне сәйкес жауаптылық көзделетінін айта кету жөн.

РКС: Нашақорлыққа қарсы ұйымдастырылған жобаға 10 шақты волонтер де белсене атсалысты. Айта кетейік, бүгін қаланың 5 шағын ауданында осындай ауқымды жұмыс атқарылды.

СНХ:МАДИЯР МҰРАТБЕК, ВОЛОНТЕР: Бүгін «Жасыл ел» жастар жасағының өкілдері жиналып, есірткі тарататын жарнаманы үстінен бояу арқылы өшірдік. Есірткіні қолдануға, таратуға болмайды. Заң алдындағы жауапкершілік қандай болса, ар алдындағы жауаптылық одан да қатаң екенін ескерткім келеді. Есірткіге ешқашан жол бермеуіміз керек.

СНХ: ЛЮБОВЬ ПИЯКШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өмірімде есірткі қолданатын бірнеше адамды кезіктірдім. Олардың әрекеті ақымақтан да асып түседі. Бос уақытты тиімді пайдаланған дұрыс деп есептеймін. Ең асылы салауатты өмір салтын ұстану. Спортпен айнылсу керек. Бір минуттық ләззат үшін бүкіл өмірін құртанынын түсінбейді.

РКС: Ауыр жұмыстан қашып, жеңіл жолмен пайда табамын деп есірткі саудасымен айналысатындардың қатары азаймай тұр. Оның соңы жақсылыққа әкеліп соқырмасы анық. «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы алдағы уақытта да жалғасады.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ