ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 60-қа жуық тексеріс жүргізді. Салдарынан, талапқа сай болмай шыққан 12 мердігер жауапкершілікке тартылды. Құрылыс алдын ала бекітілген жобалық-сметалық құжаттама бойынша салынуы тиіс. Жобалық және рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 28 құрылыс заң аясында жауапқа тартылды.

РКС: Жауапты мекемелерді ескертпей, өз еркімен жобаны өзгертіп, құрылыс материалдарын ауыстыру деректері де азаймай тұр. Жалпы, тексеріс барысында 70-тен астам заң бұзушылық анықталды. Оның басым бөлігіне 23 млн.теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал, 20-дан астам іс сотқа жіберілді. Мұндай заңсыздықтардың салдары ауыр болуы мүмкін,- дейді жауапты сала мамандары. Себебі, құрылыс кезінде барлығы жан-жақты қаралуы тиіс. Заңбұзушылық Степногорск пен Макинск қалаларында анықталған.

СНХ: БАХЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Степногорск қаласының маңындағы Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылыс нысанына тексеріс жүгізілді. Оның барысында бекітілген жобалық шешімдер мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерден ауытқулар анықталды. Тексерік қорытындысына сәйкес мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Макинск қаласында да заң бұзушылық анықталды. Онда су құбыры желілерін жаңғырту нысаны бойынша бекітілген жобалық шешімдерден және мемлекеттік нормативтерден ауытқулар анықталды. Салдарынан, жауапты мердігерге 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

РКС: Ал, Қосшы қаласындағы 500-ден астам үлескер жаңа баспананың кілтін ала алмай жүр. Себебі, бірқатар тұрғын үйдің құрылысы аяқталмай, тұралап қалған. Соның бірі "Сиреневый сад" тұрғын үй кешені. Оның алғашқы кірпіші 2014 жылы қаланды. Құрылыс мәселесін тез арада шешу мақсатында бірқатар компаниямен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бірінші кезект "Diamond Park" және "Сиреневый сад" тұрғын үй кешендерінің құрылысы қолға алынбақ.

СНХ: БАХЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Алдымен осы екі тұрғын үй кешенін қолға аламыз. Өйткені, олар заңды түрде таза. Ол жерде құрылысқа жауаптылар жоқ. Осы 2 тұрғын үй кешені бойынша 300-ге жуық адам зардап шегіп отыр. Оның 27-сі үлескер ретінде баспаналарын алуы тиіс. Қазір облыстық әкімдік бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. 13-ші тамызда үлестік құрылыс жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар мәселе көтеріліп, тиісші шешімдер қабылданды.

РКС: Сонымен қатар, жыл басынан бері басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 72 лицензия мен 30 сарапшы аттестатын берген. Олар сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына ие.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ