ДИКТОР:Өткен демалыс күндері Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәстүрлі жарыс өтті. Іс-шара 60-тан астам қатысушының басын қосты. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы ең маңызды оқиғаның біріне айналды.

РКС: Жыл сайынғы марафон сыбайлас жемқорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару. Қатысушылар 5 және 10 шақырым болатын екі қашықтықта жүгірді. Марафонға қатысуға ниет білдіргендердің қатарында Данна Исмаилова да бар. Жүгіріп жүргеніне жарты жылдан асқан, облыс аумағында ұйымдастырылатын бірде-бір шарадан қалмауға тырысады.

СНХ: ДАННА ИСМАИЛОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Жүгіруді жақсы көремін, салауатты өмір салтын ұстанғанды жөн көремін. Бұл марафон туралы әлеуметтік желіден хабарландыруды көре салысымен қатысып көріп, бағымды неге сынамасқа деп ойладым. Менің ойымша жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға тарту қажет. Мен өзім жедел жәрдем қызметінде еңбек етемін. Спортпен шұғылдану денсаулыққа пайдалы.

РКС: Жарыс барлық ниет білдірушілердің басын қосты. Қатысушылардың арасында марафонға алғаш рет қатысып тұрғандармен қатар тәжірібиелі спортшылар да болды. Бұл маңызды шарадан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері де шетте қалған жоқ.

СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселеге назар аударуға үлкен септігін тигізетін шара. Сонымен бірге спорт арқылы өзінің азаматтық ұстанымын көрсету мүмкіндігі. Жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке назар аударудың бір көрінісі деп айтар едім. Көкшетауда осындай жарыстар өткізу дәстүрге айналды десе де болады. Жеке өз басым осындай марафондар жиі өткізілуі керек деп санаймын. Бұл шараға қатысқаныма өте қуаныштымын.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларға естелік медальдар табысталды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік зұлымдыққа қарсы күреске алдағы уақытта қатысушыларды бұдан да көбірек тартуды жоспарлап отыр.

МАДИНА ТӨЛЕШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ