ДИКТОР: Әділет органдары норма бекіту, құқықтық үгіт-насихат, нотариат, адвокатура, заң консультанттары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Сонымен қатар зияткерлік меншік, атқарушылық іс жүргізу, тіркеу қызметтерінің құқықтарын қорғайды.

РКС: Әділет департаменті көктемгі су тасқыны кезінде ауқымды жұмыс атқарды. Зардап шеккен азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді.

СНХ: БӘУКЕН ӘЛМЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Халыққа тегін заң көмегін көрсету мақсатында сол біздің су тасқыны орын алған 6 ауданға, оның жатқан шалғай ауылдық округтерінде шұғыл мақсаттарында оған қосып өзіміздің облыстық деңгейдегі депутаттармен де, құқық қорғау органдарымен де үлкен жұмыстар атқарылды. Себебі азаматтардың көбісінің жеке сот орындаушыларының тарапынан жеке шоттарының бұғатталуына байланысты. Тағы да басқа қиындықтар тудырды. Одан бөлек 100 МРП-дан әлеуметтік көмек алған, ақша су тасқыны орын алған азаматтарға берілген. Сол азаматтарға арнайы счеттарына ақша түсіріліп отырды.

РКС: Биыл департамент 900-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Жыл басынан бері сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алуға қатысты 14 мыңға жуық атқарушылық іс келіп түскен. Төлеуден қасақана жалтарушыларға қатысты борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

СНХ: БӘУКЕН ӘЛМЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Әділет департаменті 61 азаматқа әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар қамауға алынды. 41 адамға әкімшілік айыппұл салынды осы 6 айдың ішінде. Одан бөлек, жәрмеңкелер ұйымдастырып жатырмыз, сол борышкерлерді жұмысқа ұйымдастыру бойынша. 6 айда 8 жәрмеңке өтті, соның арқасында 113 адамды біз жұмысқа ұйымдастырдық.

РКС: Жыл басынан бері тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша 6 арыз-шағым келіп түсті. Осыған байланысты жоспардан тыс 4 тексеру жүргізілді.

СНХ: БӘУКЕН ӘЛМЕШ,ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: "Узбечка", "Aplle", Aplle-дың продукцииялары бойынша "Starline"автомашиналарға арналған солардың барлығын қазіргі таңда құқықтары қорғалуда және әділет департаментімен соларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

РКС: Аймақта 349 адвокат заң көмегін көрсетуде. Алты айда 6 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, облыс бойынша мемлекеттік 10 сот орындаушысы жұмыс істейді, оның 83-і жекеменшік.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ