ДИКТОР: Ақмола облысында өзекті мәселенің бірі – бірнеше ауысымда білім беретін мектептер. Олардың санын азайту мақсатында өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Целиноград ауданына қарасты бірнеше елдімекенде 7 мектеп дәл осы жоба бойынша бой көтеруде. 1-ші қыркүйектен бастап оқушылардың барлығы бір ауысымда оқымақ. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында салынып жатқан құрылыстың барысымен танысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қоянды ауылында 1200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда білім ошағы 70 процентке дайын. Бұл оқу ордасы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатыр. 12 мың шаршы метрден асатын 4 қабатты ғимаратта 4 спорт зал, асхана, медициналық кабинет және оқушыларға арналған заманауи сыныптар болады.

СНХ: АЙТУҒАН ӘЛМҰҚАНОВ, ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕР: Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сыртқы алаңды жақсарту жұмыстары жне инженерлі желілерді өткізіп жатыр. Бәрі план бойынша. Қазіргі уақытта бір ауысымда жұмыс істеп жатырмыз. Күніге 150-200 адам шығады жұмысқа. Техника жетіп жатыр. 80 пайыз материал отандық.

РКС: Ал, бұл Талапкер ауылындағы 2400 орындық қос мектеп. Білім ғимараттары 85 процентке дайын. Бүгінгі таңда мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, ауыз су мәселесі өзекті болып тұр.

ИНТЕРШУМ: Марат Мұратұлы бүгінге дейін осы 2 мектепте су мәселесі пока шешілген жоқ. Аудандық әкімшілік технический условияны дұрыс бермеген.

- Тааак.

- Мына жерден құдық қазған 70 метр. Экспертиза судың жарамсыз екенін көрсетіп отыр. Енді қазіргі таңда қойма іздеп жатырмыз су тартатын. Содан кейін барып су тартылады.

- Жоқ, енді 2 апта ғана қалды оқу басталуына. Су мәселесі қалай шешіледі ?

- Су мәселесі 1-ші мектептегідей болады. 3 пожарный резервуардан алынады.

РКС: «Жайлы мектеп» жобасы аясында Қараөткел ауылында да салынып жатқан 1200 орындық білім ошағының құрылысы аяқталуға жақын. Ал, бұл Ақмол ауылындағы 1200 орындық мектеп. Білім ошағы 90 процентке дайын. Жаңа оқу жылы басталмай тұрып, 1 мыңнан астам баладан өтінім келіп түсті. Сондай-ақ, 60-қа жуық мұғалім тартылмақ.

СНХ: МАНАТ МУСИН, ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕР: Есіктеріміздің келгеніне 2 күн болды. 3-ші этаждан бастап есік қойып жатырмыз. 3-тен бастап төмен түсіп келе жатырмыз. Мебельдарымыз да келді. Біз оларлды кабинет бойынша бөлдік.

РКС: Жұмыс сапары соныңда Марат Ахметжанов жауапты мердігерлермен жиын өткізді. Онда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ, аймақ басшысы заманауи жабдықтардың сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Атқарылып жатқан жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатқанымен, бірқатар мәселе орын алуда.

ИНТЕРШУМ: Не дай Бог! Это скажется на открытие школы. Со всеми разберусь! И в области и здесь на местах.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халық дұрыс қабылдап жатыр ғой барлық жасалып жатқан жұмыстарды. Тағы жоспарлар бар. Енді кемшіліктер бар. Онды біртіндеп-біртіндеп қолымыздан келгенше, қаражатымыз жеткенше бәрін жоямыз. Міне жаңа аудан әкіміне мен нақты-нақты тапсырмалар беріп отырмын. Күнделікті бақылауда.

РКС: Осылайша, Целиноград ауданында 10 мың оқушы алдағы оқу жылында жаңа білім ошағының табалдырығын аттамақ. Айта кетейік, келер жылы "Жайлы мектеп" жобасы аясында Ақмола облысының аумағында тағы 9 мектеп бой көтермек.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ