ДИКТОР: «Ел бірлігі» жобасы аясында «Бірлігіміз әралуандықта» фестивалі өтті. Бұл шара «Бари» армян мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

РКС: Іс-шара басталмас бұрын, фойеде тақырыптық кітаптар мен армян халқының музыкалық аспаптары және тұрмыстық заттары қойылған көрме ұйымдастырылды. Армян мәдени орталығының өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, қазақ, армян және грузин халықтарының өзіндік ерекшелігін көрсетуге бағытталған ерекше билерін ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДЖАЛАЛ-ИБО-ОГЛЫ, "НАИРИ" АРМЯН АНСАМБЛІНІҢ АРТИСІ: Біз Алматы қаласынан келдік, "Луис" армян орталығы жанындағы "Наири" ансамблінің бишілеріміз. Армян орталығының құрылғанына 25 жылдан астам уақыт болды. Біз бәріміз 5-6 жылдан астам уақыт бойы бимен айналысамыз. Көкшетаулықтардың қонақжайлылығына ризашылығымызды білдіреміз.

РКС: Фестиваль барысында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқандарға Алғыс хаттар табысталды. Шара аясында Ассамблеяның маңыздылығы айтылып, облыс аумағында татулық пен бірлік идеясын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалды.

СНХ: АРМИНЭ ТОРОЯН, «БАРИ» АРМЯН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз бақытты елдің ұрпағымыз. Бірнеше тілде еркін сөйлейміз. Елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне тамсанамыз. Бұл біздің елге ғана тән ерекшелік деп айтар едім.

РКС: Мерекелік шара соңында өнерпаздар мен хореографтарға көрмермендер жылы ілтипат білдіріп, көпке дейін сахнадан жібермеді.

МАФТУНА НАЖИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ