ДИКТОР: Көкшетаудағы "Жайлау" шағын ауданындағы 20-шы және 21-ші үйдің ауласына күрделі жөндеу жоспарланған. Ол қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал, тұрғындар болса жауапты мердігер жұмысты тым баяу істеп жатқанын алға тартып отыр.
РКС: 2019 жылы Жайлау шағын ауданындағы 20-шы және 21-ші үйдің ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп уәде берген еді жауапты тұлғалар. Былтыр қажетті құжаттар әзірленіп, жөндеу басталды. Инженерлік және жылу желілері мен кәріз құбырлары жаңғыртылды. Алайда, тұрғындардың қуаныштары көпке созылмады. Себебі, жөндеу аяқталмаған.
СНХ: ТОҚТАРБЕК ЫБЫРАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз бәріміз уайымдап жүрміз. Жұмыс болса тұрып қалды. Жүрмей жатыр мүлдем. Сентябрь айы күзді күні уборка уақытында жауын болады. Сосын вообще тұрып қалады. Біздің сұрайтынымыз мынаны кішкене тездетіп, дұрыстап істеп берсе екен деп өтініш білдіреміз.
РКС: Светлана Пьянкова Жайлау шағын ауданында 20 жылдан астам тұрады. Осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу көрмедік, тіпті жаңа асфальт төселмеген,-дейді.
СНХ: СВЕТЛАНА ПЬЯНКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:///аударма///12-ші маусым арнайы техникалар келе бастады. Үлкен көліктер мен жауапты мамандарды көргенде қуанған едік. Бірақ, алғашқы жаңбырдан кейін жөндеу жүріп жатқан жерден бір жанды көрмедік. Уақыт өтіп жатыр. Ал, біз болсақ жаз мезгілін осылай қарсы алдық. Жаңа асфальт қашан төселеді? Барлық ағаштарды сырып тастады.
СНХ: ЛЮБОВЬ ДЗЮБА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жайлау 21 үйін қорғауға қажетті бетон жабындысын төсеген жоқ. Судан сақтайды ғой ол. Арнайы қорғау аймақ жасамай, топырақпен толтырғанды бірінші рет көруім. Сонымен қатар осы жерге автотұрақ жасауға үзілді-кесілді қарсымыз. Себебі, дәл жанында балалар ойын алаңы салынады.
РКС: Бұл жұмысқа жауапты тұлғалар жобаны аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сендірді. Бүгінгі таңда мердігер ұйымда 4 бригада жұмыс істейді, олар қазірдің өзінде су құбырларын, кәріз құбырларын және жылу желілерін төседі. Сонымен қатар кәсіпорын өз қаражаты есебінен аула аумақтарын инертті материалдармен толтырыпты.
СНХ: ЕЛЕНА СУХАНОВА – КӨШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша олар 2024 жылдың қараша айына дейін аяқталу керек., Асфальбетон жабындысы төселеді. Кабельдердің шығып тұрғаны бойынша мердігер сымдарды қосалқы станцияға қосу қажет. Ол үшін Көкшетау Энергомен келісу жүріп жатыр.
РКС:Маманның айтуынша, 2020 жылы жобалау сатысында қоғамдық тындау өткізілген. Тұрғындар сол уақытта өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алған.
МӘДИНА ТӨЛЕШЕВА, ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ