ДИКТОР: Ақмола облысының білім беру жүйесін дамытудың басымдылығы: цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізуді қамтамасыз ету. Облыстағы білім қызметкерлерінің "DIGITAL КAZAKHSTAN" жаңа замандағы білім беру" атты тақырыпта өткен тамыз конференциясы да негізінен жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға арналды. Сонымен қатар өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар айтылды.
РКС: Педагогтардың тамыз конференциясына облыстың әр өңірінен келген білім қызметкерлері "DIGITAL КAZAKHSTAN" жаңа замандағы цифрлық білім беру" атты көрмені тамашалады. Одан соң Қазақстан Респубикасы Оқу-ағарту министрі - Ғани Бейсенбаевтің құттықтауын тыңдады. Мектепке дейінгі мекемелерде сапалы білімге қол жеткізу, үздік педагогтарды практикаға тарату мақсатында өңірдегі 6 бала-бақша құзыреттілік орталық болып анықталған. Балалары бала-бақшамен қамтылмаған ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында енді кеңес беру пунктері жұмыс істейді. Балалардың өсу деңгейін тіркеу үшін енді жеке даму картасы жүрзілмек. Онда баланың дамуы, білімі, әлеуметтік дағдылары, мұғалімнің біліктілігі бағаланады.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі - бәсекеге қабілетті, білімге құштар оқушыны тәрбиелеу. Балаларды ерте жастан дамыту мемлекеттің табысты болашағына үлес қосу. Облыста 37 мыңнан аса бүлдіршінді қамтыған 597 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсымасына сәйкес халықтың осал топтары санатынан 9 мыңнан аса бүлдіршіндер тегін тамақтанады.
РКС: Тамыз конференциясында қала, аудан, ауыл мектептерінде еңбек етіп жүрген ұздаздар жасанды интеллект технологиялары бағытындағы озық еңбектерін көрсетіп, тәжірбиелерімен бөлісті.
СНХ: ӨМЕР ИНАН, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ БІЛІМ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ: Қазақстан мен Түркия арасында білім саласына қатысты 18 келісімге қол қойылған. 2024 жылдың 10 мамырында күшәне енген Үкіметаралық келісімді де атап өткім келеді. Осы келісім бойынша екі ел мектеп басшылары және де мұғалімдері арасында оқу материалдарын білім технологиялары бойынша тәжірибе алмастыру қарастырылған. Студенттердің ұтқырлығы бойынша бағдарламалар және екі ел арасында студенттерге гранттар да қарастырылды.
РКС: Конференцияға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі мен облыстағы педагогикалық қауымдастық өкілдері, халықаралық академия, университет ректорлары, колледж, мектеп директорлары жиналған. Тамыз конференциясын тағы 5 мыңнан аса педагог әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрді. Жиын соңында білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін бірқатар ұстаз министрліктің "Еңбек ардагері" медалімен, тағы бірқатары "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ