ДИКТОР: Соңғы жылдары облысымызда мал саны өсіп келеді. Бұл мал дәрігерлік зоотехникалық шараларды жүзеге асырудың игі нәтижесі. Мәселен Егіндікөл ауданындағы "Ушаково-Агро" серіктестігінде төрт түлікті өсіруге мол мүмкіндік жасалған.

РКС: Бұл серіктестікте мал басы өз төлі есебінен көбейіп келеді. Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, сапалы мал азығын дайындау сонымен қатар қораларды жаңарту жұмыстары жақсара түскен.

СНХ: БАҚТИЯР ЫСҚАҚОВ, "УШАКОВО-АГРО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Мал далаға шыққаннан кейін қораларды қысқа дайындау жұмыстарына кірісеміз. Бұл жұмыстармен балам Ерлан арнайы бригада құрып айналысады. Соңғы жылдары барлық мал қораларына жарық, су тартылды. Осы арадан скважина құдығын қазып алдық. Бұл қысты күндері өте қажет.

РКС: Кешегі Кеңес кезеңіндегі ескі мал қоралары сырылып тасталды. Оның орнын мына кең де жарық заманауи қоралар алмастырды. Мал басын көбейту мақсатында кешенді жұмыс жалғасып жатыр. Соның бірі сапалы мал азығын дайындап алу.

СНХ: БАҚТИЯР ЫСҚАҚОВ, "УШАКОВО-АГРО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Шөп шабу науқанына егіс жұмыстары біткесін бірден кірістік. төрт агрегат мал азығын дайындауда.Жаңбыр жиі жауып, аз кем тоқтап қалған күндер болды. Алайда екі жылдық мал азығын дайындап алуға сенімдіміз.

РКС: Мал баққанға бітеді,-дейді дана халқымыз. Оған қоса жылда жайлы қоралар болса құба құп.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ