ДИКТОР:Тамыздың екінші жексенбісі-құрылысшылардың, сәулетшілер мен инженерлердің кәсіби мерекесі. Осы жандар талай шаһардағы шағын аудандар, көшелер мен үйлердің кескін-келбетіне ажар бергендер. Құрылысшылар күні қарсаңында Степногорск қаласында мерекелік іс-шара өтті. Саланың бірқатар қызметкері шаһардың 60 жылдығына орай алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.
РКС: Қүрылысшылар күні қарсаңында саланың 15 қызметкері марапатталды. Солардың бірі - Сәрсенбай Мушанов. Жарты ғасырға жуық өмірін құрылыс саласына арнаған. Алғашқы еңбек жолын 1971 жылы Степногорск құрылыс басқармасынан бастаған. 1997 жылы сол басқарманың бастығы болып тағайындалған.
СНХ:СӘРСЕНБАЙ МУШАНОВ, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Степногорск құрылыс басқармасын бірегей кәсіпорын деп атар едім. Өйткені, дәл осы жалғыз ұйым орасан зор, қуатты өнеркәсіп саласы бар әдемі қаланы қысқа мерзімде салды. Алғашқы қазығынан бастап соңғы шегесіне дейін осы құрылыс басқармасы қадады. Мұнда ғана емес, жалпы округте, Шантөбе, Красногорск, Володаровка ауылдарында және жақын маңдағы елді мекендердегі құрылыстың бой көтеруіне де зор үлес қосқан басқарма.
РКС: Құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігіне тұрғын үй жатады. Степногорск қаласында былтыр 3 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Биыл 6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады деген жоспар бар. Құрылыс саласы шаһарда қарқынды дамып келеді.
СНХ:АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Соңғы 5 жылда құрылыс саласына 16 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты салынғанын атап өткім келеді. Менің ойымша, бұл үлкен сома. Келер жылға да жоспарымыз ауқымды. Спорт нысандарының, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қолға алынады.
РКС: Құрылысшы күні - бұл жай ғана мереке емес, елдің дамуына зор үлес қосып жүрген осы саладағы әр адамның еңбегінің маңыздылығын дәріптеу. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
ИНТЕРШУМ:
МЕРУЕРТ ОСПАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.