ДИКТОР: Ақкөл ауданында алдағы қысқа малға жемазық дайындау жұмысы қыза түскен. Мал шаруашылығы саласы үшін берік база құру мақсатында жемшөп дақылдарының егіс алқаптары шамамен 30 процентке ұлғайтылды. Қазіргі таңда 1 млн. 200 мың тонна шөп және 180 мың тоннадан астам пішендеме дайындалды. Малға қажетті азықтың 80 проценті әзірленді.

РКС: «Ақкөл-АГРО» серіктестігі қысқа жемазық дайындау үстінде. Бұл әдіспен дайындалған жемазықты 3 жылға дейін өз қалпында сақтап қалуға болады. Осындай технология сақталса, жемазықтың құнарлылығы да жойылмайды.

СНХ: АСЫЛБЕК НАШКЕНОВ, ЗООТЕХНИК: Биыл біз 2 мың тонна шөп жинауды жоспарлаған едік. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 200 гектар алқапқа судан шөбі, 100 гектар жерге арпа ектік. Қазіргі уақытта 1 мың тонна шөп жинап алдық. Орнынның жоқтығынан біз оны төбешік әдісімен дайындамақпыз. Міне бұл әдісті өздеріңіз көріп тұрсыздар.

РКС: Мамандар әр гектардан 120-130 центнер судан шқбін жинап алуға болатынын айтып отыр. Егер болжам сәйкес келсе, онда серіктестік жемазық дайындау жоспарын асары орындамақ. Бәр ауа райына байланысты. Жаңбырлы күндер бола қалған жағдайда оны жинаудың әдістері де қарастырылған. Егер жүгеріні алып үлгермесе, онда оны қысқа тұтас күйінде бұқтыруға болады.

СНХ: АСЫЛБЕК НАШКЕНОВ, ЗООТЕХНИК: Егін бітік тұр. Жүгері, басқа да дақылдар піскен. Қазір түрлік жүгері гектарынан 300 центнерден тұр. Егер біз 150 гектар жүгері ексек, 4,5 мың тонна өнім алуды көздеп отырмыз. Қазір басты мақсатымыз уақытылы төкпей-шашпай жинап алу. Дер кезінде алынса, барлық құнарлылығын сақтап қаламыз. Уақытылы жемазықты да дайындауға мүмкіндік болады.

РКС: Жемақызқтың сапасы мен құрамы лабораториялық сараптама арқылы айқындалады. Оның қорытындысына сәйкес мамандар малдың әрқайсысына жеке рацион дайындайды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ