Жүргізуші: Өңірде алғаш рет жастар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп жұмысын бастады. Бұл жоба қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асып жатыр. 4 күн бойы облыстағы жастар ұйымдарының көшбасшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін жетілдіреді.
КСМ: Бұл мектеп мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты шеңберінде жұмыс істеп жатыр. Оған жастар арасындағы 30 көшбасшы қатысуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін халықаралық ұйымдардың тәжірибесі қолданылады.
СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Біріккен Ұлттар Ұйымынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білікті коучтарды, сарапшыларды шақырдық. Жалпы бұл жазғы мектеп жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, коррупцияға "нөлдік" төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.
КСМ: Оқытушылар жастарға арналған түрлі тренингтер өткізуде. Халықаралық стандарттарға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар түсіндіріледі. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша да білімдерін толықтырып жүр.
СНХ: САЛТАНАТ КУАНЫШ – ASTANA IT UNIVERSITY ЖАНЫНДАҒЫ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
КСМ: Жастарды адал болуға тәрбиелеу қажет. Себебі олар елдің болашағы. Мектептегі соңғы күні қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған жобаларды ұсынады.
СНХ: МИРАС ҚАРҒАБАЙ – ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
КСМ: Алдағы уақытта осындай мектептер еліміздің барлық өңірлерінде ашылмақ. Өскелең ұрпақтың бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру - осы бір қоғамға қауіпті "індетпен" күресудің басым бағытының бірі.