ДИКТОР: Биыл Ақкөл қаласында жолдардың шұңқырларын жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, шаһарға қарасты Жансүгіров, Ерғалиев және Ұзақбаев көшелеріне асфальт төсеудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Келер жылы 2 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру мәселесі де өзекті. Ақкөл ауданына қарасты 7 ауылдың көшелерді жарықтандырылмақ. Жалпы ұзындығы 9 шақырым. Сонымен қатар, аудан орталығының көшелеріне де жарық тарту жүргізіліп жатыр. Оған бірнеше мердігер жауапты. Ақкөл қаласына 200-ден астам шамды ауыстырылмақ.
СНХ: АЛДАН ЗЕЙНІЛОВ, АҚКӨЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта Нұрмағамбетов көшесінің бойындағы жарықтандыруға биыл жөндеу жүргізілуде. Нұрмағамбетов көшесінен Пушкин көшесіне дейін жарық тартамыз. Сондай-ақ, Абылайхан, Октябрьская, Кирдищева, Луганская сияқты басты көшелерге де жарық тарту жоспарланып отыр.