ДИКТОР: Қима-Терісаққан аудандық маңызы бар автомагистраліндегі көпірмен жүруге тыйым салынған. 1981 жылы салынған өткел Жақсы ауданындағы Есіл өзенінің екі жағалауын байланыстырады. Бұл - 2 елді мекенге, 3 бөлімшеге апаратын жалғыз жол. Көпірдің арғы жағындағы ауылшаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 270 мың гектардан асады. Сондай-ақ, жайылымда 20 мың бас мал бар. Апатқа қарамастан, шектеу тек ауыр техника үшін енгізілді. Жеңіл көліктерді өтіп жүр. Шөп шабу кезеңінде және егін жинау науқаны қарсаңында тұрғындар астықты тасымалдау мәселесіне алаңдаулы. Қима-Терісаққан автожолының 2 шақырымында орналасқан көпірдің ұзындығы шамамен 300 метр. Тасқын кезінде жолды су шайып кеткеннен кейін өткел апатты деп танылды. 44 млн теңге бөлінді. Жыл соңына дейін жөндеу жобасы әзірленбек. Алайда, жергілікті тұрғындар ұзақ күте алмайды. Бір айдан кейін аймақта егін жинау науқаны басталады. Екінші жағалаудағы егістіктерге жету үшін билік ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен бірлесіп қосымша өткел салды.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Халықтың әрі қарай жүріп-тұруы және табысты егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін көпірден алыс емес айналма жолды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Айналма жол бойынша қозғалыс белсенді жүргізілуде. 5-ші тамызда алғашқы комбайндардың 20-ға жуық бірлігі жүріп өтті. Егін жинау науқанын өткізу үшін барлық жағдайлар жасалды.