Жүргізуші: Облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғын үй және білім беру салалары бойынша сұрақтар көтерілді. Әрбір азаматты тыңдаған өңір басшысы жауапты тұлғаларға тұрғындардың мәселесін шешу бойынша көмектесуді тапсырды.

КСМ: Екатерина Бузина мектептерге учаскелік полицейлерді қайтадан енгізу керек деген ұсынысын арқалап келіпті. Оның айтуынша, бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Білім ордасындағы тәртіпке де оң әсерін тигізеді, -дейді ол.

СНХ: ЕКАТЕРИНА БУЗИНА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен қалалық мәслихаттың депутаты болғанда 20 мектеп полиция қызметкерін енгіздік. Олар оқушылармен заңбұзушылықтардың алдын алу шараларымен айналысты. Тәртіп сақшылары мектептердегі, сыныптардағы көшбасшылардың білді. Жағдайды бақылауда ұстап тұрды. Қалада оқушылар арасында заңбұзушылықтар болған жоқ.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Республика бойынша мектеп инспекторлары жоқ. Сараптама бұл қылмыстық жағдайдың өзгеруіне әсер етпейтінін көрсетті. Психологтардың айтуынша, полиция қызметкерлерінің мектептерде болуы өзін ақтамайды. Аса қажеттілігі жоқ. Біз полициялық мемлекет жасамауымыз керек. Қорқыныш ұялатпау қажет. Адамдардың сана сезіміне негізделген қоғам болғаны абзал. Ал қазір мектептерде жағдай жақсы. Бейнебақылау камералары бар. Заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

КСМ: Тәжірибе ретінде мектеп директорларының, полиция қызметкерлерінің қатысуымен алдын алу штабын құру ұсынылды. Онда тараптар мәселелерді талқылай алады. Ал Гүлнәр Мұқашева қоқыс мәселесін көтерді. Оның айтуынша, өзі тұратын Кенжетаев көшесі 1в үйінің ауласындағы қоқыс контейнеріне көпқабатты баспананың тұрғындарынан басқа, жақындағы дүкендер де қалдықтарды тастайтын көрінеді.

СНХ: ГҮЛНӘР МҰҚАШЕВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне, фотосуреттер бар. Лас, шашылып жатыр. Шұңқырлар бар, тегістеу керек қой. 2022 жылы санитарлық қызмет тапсырма берді, бірақ орындалған жоқ.

КСМ: Облыс әкімі жұмыс тобын құрып, өтінішті қарап, тексеріс жүргізуді тапсырды. Нәтижесі туралы есеп беру жүктелді. Қабылдау онлайн форматта да жүргізілді.