ДИКТОР: Ақмола облысында маман тапшылығын жою үшін 2017 жылдан бері жергілікті атқарушы орган арнайы білім гранттарын тағайындайды. Мұндай құзыреттілік облыстық әкімдіктерге заң бойынша берілген. Грантты тағайындамас бұрын өңірдегі еңбек нарығы толық зерттеледі. Мәселен, біздің өңір педагогтер мен медицина мамандарына тапшы. Биыл жергілікті бюджет есебінен облыс әкімінің 195 білім гранты беріледі. Оған ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты бар мектеп бітіруші түлектер мен колледжі тәмамдаған студенттер үміткер бола алады. Құжаттар 6-15 тамыз аралығында қабылданады.

СНХ: ӘСЕМ БИКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жергілікті атқарушы органдардың беріп жатқан гранты Қазақстан бойынша шектеу қоймайды. Кез-келген өңірдің баласы Ақмола облысы әкімінің грантына қатыса алады. Жалпы, біз өңірде тапшы мамандықтар деп саналатын педагог мамандықтарға және медицна мамандықтарға 8 жылдан бері грант бөлініп келе жатыр жергілікті атқару органдарының есебінен. Педагог мамандығына 100 грант бөлінді. Медициналық мамандыққа 85 грант бөлінді және биылғы жылы облыс әкімінің жеке тапсырмасы бойынша жылу электр саласы мамандарына 10 грант бөлінді. Абитуриент түскен жағдайда, грант бөлінген жағдайда Ақмола өңірінде кем дегенде 3 жыл еңбек етуге келісім шартқа қол қояды.