ДИКТОР: 2 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер қараусыз қалып, терезеден құлау деректері жыл сайын тіркелуде. Биыл Ақмола облысында 10 бала терезеден құлап, әр түрлі жарақат алған. Мұндай оқыс оқиға болмауы үшін Төтенше жағдайлар департаменті қандай жұмыстар атқарып жатыр? Тілшінің бейнематериалына назар аударыңыз.

РКС: Жаз айларында көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары терезені ашып қояды. Бірақ, қауіпсіздікті барлығы ескермейді. Бүлдіршіндердің терезеден құлау жағдайын алдын алу үшін, өңірде Төтенше жағдайлар департаменті әр түрлі шаралар өткізіп, көпқабатты үй тұрғындарына балалардың қауіпсіздігі жайлы барынша ескертуде.

СНХ: АСХАТ АҚЫЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрметті ата-аналар, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Қауіпсіздік ережелерін барынша ескеріңіздер! Балаларды бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз. Терезеденің алдына жиһаз қоймаңыздар. Бала терезені аша алмайтындай арнайы қорғаныс құралдарын орнатыңыздар. Москит торларына сенбеулеріңізді сұраймын.

РКС: Соңғы үш жылда шомылу маусымы кезінде қайғылы оқиға салдарынан 30-дан астам адам адам жазатайым болды. Оның 11-і бала. Адамдардың судағы қауіпсіздігі төтенше жағдай қызметі мамандарының міндеттерінің бірі.

СНХ: АСХАТ АҚЫЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жас қазақстандықтардың өміріне біз аса алаңдаушылықпен қараймыз. Өйткені, балалар табиғи қызығушылықтары мен белсенділігіне қарамастан, шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелеріне назар аудармайды. Өңірде 700-ден астам су қоймасы бар. Олар балық аулау мен демалыс үшін. Өскелең ұрпақты қауіпсідік ережелерімен таныстыру үшін білім басқармасымен бірлесе 1 мыңнан астам дәріс өткіздік. Сондай-ақ, ата-аналар чатына судағы өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстар тұрақты түрде жіберіледі.

РКС: Су айдындарына барған кезде көпшілігі мас күйінде суға түсуге әуес. Сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдырып кеткендердің де қарасы қалың. Сонымен қатар, жүзу білмесе де, арнайы белгіден алысқа ұзап кетеді. Ал мұның арты қайғылы оқиғаға әкеліп соғуда. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін естен шығармаған абзал.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ