ДИКТОР: Қазақстан темір жолының 120 жылдығы және көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара Көкшетау қаласында өтті. Онда 60-қа жуық қызметкер марапатталды. Бұл туралы әріптесім Жамшитова Сабина тарқатады.
РКС: Кез келген техникада күшпен қатар қауіп те жүреді. Сондықтан теміржолшы жауапты мамандық. Бұл кәсібилік пен шеберлікті, әр қызметкердің сабырлылығы мен өз ісіне адалдығын қажет ететін сала. Бүгін көлік қызметкерлері мен теміржол қызметкерлерін және де осы салада қажырлы еңбек еткен ардагерлерді марапаттау кеші өтті.
СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ- АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мейрам осы салаға қатысы бар барлық мекемелермен, компанияларға арналып өтеді. Көлік кешені отандық экономиканың негізгі стратегиялық салаларының бірі. Мемлекет басшысы ел экономикасындағы көлік саласының маңыздылығы мен ерекше роліне әрдайым назар аударады. Президент өз сөзінде айтып кеткендей көлік, логистика саласын қарқынды дамыту бұл стратегиялық міндет.
РКС: Көп жылғы ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» алқасы табысталды. Сондай-ақ, жұмыста жоғары көрсеткіштерге жетіп, көлік саласының дамуына қосқан үлес үшін «Үздік автокөлікші» төс алқасы тағылды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының «Құрметті Теміржолшы» атағымен Сансызбай Шаймерденов марапатталды.
СНХ: САНСЫЗБАЙ ШАЙМЕРДЕНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС «ЖҮК ТАСЫМАЛЫ АҚМОЛА БӨЛІМШЕСІ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мен өзімнің еңбек жолымды 1988 жылы мектепті бітірген соң бастадым. осы кезеңге дейін мен бірнеше лауазымға ие болдым. Қазіргі уақытта мен Ақмола бөлімшесі филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеймін. Мен үшін құрметті теміржолшы марапаты - бұл ең жоғары марапат, мен үшін де, менің отбасым үшін де өте маңызды. Мен осы марапатты марқұм әкеме арнаймын. Ол да Құрметті теміржолшы.
РКС: Теміржол, көлік саласында аянбай тер төгіп жүрген қызметкерлер еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Аталмыш саладағы қызметкерлердің еңбектері назардан тыс қалмайды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ