ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Приречное ауылы тұрғындарының жылдар бойы аңсаған арманы орындалды. Ескірген мәдениет үйін жөндеу басталды. Ауыл жұртшылығын алаңдатқан мәселе облыстық бюджеттің қаржыландыруымен шешімін тапты.
РКС: Аталған нысанда жұмыстар мамыр айында басталды. Әуелі мәдениет ошағының едені аршылып, 260 тонна қиыршық тас төселді. Себебі, ескірген ғимараттың іргетасы үгіліп опырыла бастаған. Содан кейін ғана ғимараттың ішкі жөндеуі басталды. Ғимаратты жөндеу барысында бірнеше өзгерістер енгізілді.
СТЕНДАП: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Приречное ауылының мәдениет үйі кеңес үкіметінен бері, қалақ көрмеген. Бүгінде мында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, тақтайлы едендері толығымен бетондалып. Төбелері толығымен заманауи құрылыс материалдарымен алмастырылды. Сондай-ақ, сахнасы да өзгертіліп, жаңартылды. Айта кетейік, мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бар жағдай жасалған.
СНХ: АСЛАН ЕСЕНГЕЛЬДИН, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Концерттік зал 100 орынға шақталған. Жаңартылған залға жаңа орындықтарды орнатамыз. Айта кетейік, үлкен залды 2-ге бөлдік. Енді мұнда санитарлық орындар қарастырылған. Ол жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бар жағдай жасалған. Жалпы мәдениет үйінде би орны, кеңес отырысына арналған зал, кітапхана бар.
РКС: Мәдениет үйінің ішкі жұмыстары аяқталуға жақын қалса да сыртқы жөндеу жалғасуда.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ЖҮСІПБЕКОВ, МЕРДІГЕР: Сыртқы кіретін есік қана болған. Оның үстіне апатты жағдайда болды. Біз есікті жөндеп, кіреберіс дәліздің құрылысын бастап кеттік. Құрылыс басында 10 жұмысшы еңбек етуде. Жөндеу 95 пайызға дерлік орындалды.
РКС: Бұған дейін мәдениет үйінің жылу желілері жаңартылып, ескі терезелері ауыстырылған еді. Сондай-ақ, шатырына да күрделі жөндеу жүргізілген. Биыл жөндеу аяқталған соң, мәдени ошақ тұрғындардың игілігіне беріледі.
СНХ: НАДЕЖДА ПАНКИНА, ПРИРЕЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл ауылда 1956 жылдан бері тұрамын. Шығармашылықпен бала кезімнен айналысамын. Бар ғұмырым осы мәдениет ошағында өті десе де болады. Қазір бізде жөндеу жүріп жатыр. Ауыл тұрғындары риза. Жөндеудің аяқталуын және мәдениет үйінің салтанатты ашылуын асыға күтіп жүрміз. Халыққа концерт қойып, ән айтып жақсы көңіл-күй сыйлағанға не жетсін. Мен өзім ән айтамын. Көптеген байқауларға ат салысып жүлделі орындарға ие болғам.
РКС: Жұмыстар ауа райының аптап ыстығына қарамастан қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан мәдениет үйі жоспарға сай, тамыз айының ортасында қолданысқа берілмек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ