Жүргізуші: Алдағы орақ науқаны қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандарының диқандарымен кездесті. Жүздесуде биылғы жоспарлар, тәуекелдер талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау тетіктері де түсіндірілді. Осы жылы астықтың түсімі жақсы болады деп күтілуде. Ендігі міндет - сол өнімді уақытында жинап алу. Диқандарға қолдау ретінді "Кең дала-2" бағдарламасы іске қосылды.

КСМ: Биыл диқандар мол өнім жинауға ниетті. Болжам жақсы. Ақмола облысында биыл 5,4 миллион гектарға дән себілді. Негізінен дәнді дақылдар, майлы дақылдар мен мал азығы да бар. Биыл орақ кезеңін өткізу үшін "Кең дала-2" бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша науқан барысындағы шығындарды өтеуге диқандарға 5 процентпен жеңілдетілген несие берілмек.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Астықты тез арада сатып, арзан бағамен емес, баға көтерілген кезде, баға өздеріне қолайлы болған кезде сатуға мүмкіндік береді. Өйткені несие тек ақпан айында ғана қайтарылады. Біздің тарапымыздан осы несиені созбалғанға салмай, дер кезінде алып жұмсауына жағдай жасауымыз керек.

КСМ: Өңірде агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемін 2 есе ұлғайту міндеті тұр. Бұл - президенттің пәрмені. Ол үшін өнімділігі арттыру қажет, терең өңдеуді жетілдіру керек. Есіл, Жақсы, Жарқайың - мол, әрі сапалы өнім беретін өңірлер. Жалпы алқап ауданы -бір жарым миллион гектар. Алқаптарға химиялық өңдеу жасалған. Зиянкестер мен ауруларға қарсы да шаралар қолданылды. Қазіргі уақытта 3,8 миллион гектар алқап жақсы, 800 мың гектары қанағаттанарлық деп бағалануда.

СНХ: АБАЙ ЖОРАБЕК СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні, егінге дайындық жақсы жүріп жатыр. Қазіргі кезде енді шөп науқаны әлі жалғасып жатыр. Одан кейін, үкіметтің арқасынан бағдарлама берілген удобрение бүгінгі күні сеуіп жатырмыз. Жоспарланған егіннің өнімі бүгінгі күні – 1 гектардан 18 центнер аламыз деген ойымыз бар. Енді барлығы ауа райын қолайлығына байланысты болады.

КСМ: Иа, күзгі орақтың қалай болары ауа райына тікелей байланысты. Ал жергілікті атқарушы билік тарапынан қажетті шараларды орындаймыз, - дейді әкімдік өкілдері. Кездесуде диқандар "азық-түлік келісім шарт корпорациясы" бидайдың бағасын ертерек белгілесе деген тілектерін де жеткізді.