ДИКТОР: Өңірде су тасқынының алдын алу шараларына басымдық беріледі. Жабай өзенінің арнасын тазалау және тереңдету үшін облыс басшылығы жерсорғыш снаряд сатып алды. Атбасар қаласының маңындағы Заречный ауылында жаңа жабдық іске қосылды. Жұмыстармен танысу үшін жергілікті тұрғындар жиналды. Сондай-ақ, облыс әкімі Марат Ахметжанов та жұмыспен танысып қайтты.

РКС: Соңғы бірнеше онжылдықта Жабай өзені тазартылмаған. Құны 87 млн. теңге тұратын жерсорғыш снаряд тапсырыс арқылы 2 айда жеткізілді. Қондырғы 1 сағатта 100 текше метрге жуық ауыр топырақты немесе 150 текше метрге дейін лайды өңдей алады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мына судың арнасын кеңейтеді, сосын тереңдетеді. Бүгінгі экологиялық сараптама бойынша оның бәрі қарастырылған. Өзінің экипажы бар. 5 адам маман бар. Олар үйретеді. Өзінің кепілдік мерзімі бар. Біздің жұмыскерлерді үйреткен соң, біз өз балансымызға аламыз. Биыл Жабай. Келесі жылы басқа да өзендерді тазартығу қолданылады.

РКС: Жиналған тұрғындар жұмыстың басталғанына риза. Жаңа техниканың көмегімен салынған бөгеттерді нығайту жоспарлануда. Бұл алдағы су тасқынының салдарын азайтуға мүмкіндік береді деген сенім бар, - дейді ел ақсақалдары.

СНХ: МҰХАМЕДИЯР ХАМИДУЛИН, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мына қондырғыны күткенімізге 40 жыл болды. Жылда айтады міне Атбасар қаласы 2004,2007,2014,2017 жылы суға кетті міне. Содан кейін біз мынау шомылған үйрек сияқты шығамыз. Бірақ ешқандай жұмыс жоқ. Мына келген әкімнің инициативасы шығар. Бізге мына құрылғыны әкеліп, орнатып жатыр. Осындай қондырғы бұрын болса еліміз суға кетпес еді, ешкім судан зардап шекпес еді. Мыңда бір рахмет!

РКС: Жерсорғыш снарядтың техникалық сипаттамалары 10 метр тереңдікті игеруге мүмкіндік береді. Топырақ бортта орнатылған сорғының көмегімен көтеріледі. Қондырғыны қостанайлық жекеменшік серіктестік жасаған.

СНХ: ИВАН ДИМОВ, «ФОРТУНА ПЛЮС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл техника құм, тас, сияқты шикізаттарды өндіруге және тазалау жұмыстарына арналған. Кейіннен қалдықтар құрылыс материалдарына және тыңайтқыштарға бөлінеді. Қазір бұл өте өзекті. Қамысты да алады. Тазалаумен байланысты барлық жұмыстарды орындайды.

РКС: Атбасар қаласының тұрғындары атқарылған жұмыстар оң нәтижесін береді деп сенеді. Қала аумағында шлюздер орнату жобасы әзірленуде. Ол 400 үйді су басудан қорғайды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.