ДИКТОР: Көкшетауда Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай акция өтті. Полиция қызметкерлері, "Шанс" әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологтары, облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері халықты осы қауіпті құбылыспен күресу жолдары туралы ақпараттандыру үшін үгіт-насихат компаниясын өткізді.
РКС: Арнайы мобильді топ орталық саябаққа, сауда орталықтарына, теміржол және автовокзалдарға барды. Полицейлер қала тұрғындарына адам саудасының құрбаны болмау керектігін және қиындыққа тап болған адамдарға қайда бару керектігін айтты. Бұдан басқа, облыс орталығының тұрғындарына тәуекелдер туралы ақпаратты қамтитын жаднамалар мен көрнекі үгіт-насихат таратылып, "жедел желі"телефондары хабарланды.
СНХ: БАТЫРХАН ТАҢАТОВ- ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Адам саудасы-адам құқықтарының өрескел бұзылуы. Сондай-ақ халықаралық заңнамада ауыр қылмыс болып саналады. Көкшетау қаласының Led экрандарында осы тақырыптағы бейнероликтерді көрсету, парақшалар тарату жоспарланған.
СНХ: КӨГЕРШІН СЕЙТКАЖИНА - "ШАНС" ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: Іс жүзінде адамдар еңбек, жыныстық құлдыққа түсетін жағдайлар бар. Біз оларға кешенді көмек көрсетеміз. Яғни, бұл әлеуметтік, құқықтық көмек, қоғамда одан әрі әлеуметтену үшін "ШАНС" орталығында тұра алады.