ДИКТОР: Қазақстанда жеке мүлік иелері жыл сайын салық төлейді. Жергілікті бюджетке түсетін қаражат, мемлекет азаматтарының игілігіне пайдаланылады. Бірақ салық төлеуден жалтаратын азаматтар аз емес. Бүгінде өңір бойынша 14 мыңнан астам жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша 14 миллионнан астам қарызы бар.
РКС: Қазақстанда көлік және мүлік салықтары, салық салу жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Осы салықтарды төлеу кезiнде қаражат жергiлiктi бюджеттiң 4-деңгейiне түседi. Бұл жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, берешегі 40 айлық есептен жоғары болған жағдайда борышкерге елден шығуға тыйым салынады. Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында мамандар азаматтарды салықты уақытылы төлеуге шақырады.
СНХ: АСЛАН ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көлік салығы бойынша 17 мыңға жуық адамның 600 млн. теңгеге жуық қарызы бар. Салық кестеге сай төленбесе есеппұл салынады. Жеке тұлғаға хабарлама жіберіледі, оны орындамаған жағдайда 30 күн iшiнде салық бұйрығы қойылады. Бұйрық орындалмаған жағдайда берешекті өндіріп алу үшін материал жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Сот орындаушысы берешекті толық өтегенге дейін жеке тұлғаның барлық шоттарын бұғаттайды.