ДИКТОР: Көкшетауда облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің кеңесі өтті. Отырыста мемлекеттік органдардың өкілдеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.
РКС: Өткен жылы "электрондық ішкі мемлекеттік аудит" жаңа модулі енгізілді. Оның көмегімен бүгінде аудиторлық іс-шаралардың 90%-дан астамы өткізілді. Модульдің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін аудит нысанымен тікелей байланысты болдырмау. Сондай-ақ, ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімдерін қысқарту, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету.
СНХ: БАҚЫТ МАДЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бірқатар өзгерістер енгізілді. Аудит нысанының басшысы кәсіпкерлік субъектілерінің және аудиторлық іс-шаралар барысында мүдделері қозғалған өзге де тұлғалардың қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге міндетті. Сонымен қатар ережелер тармақпен толықтырылған, онда нақты мерзімдер көрсетілген: екі жұмыс күні ішінде олар анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы хабарлауы керек.
РКС: Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілді. Биыл 20-ыншы маусымда Парламент Сенаты жаңа заңды мақұлдады. Оның негізгі мақсаттарына сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру кіреді. Процедураларды жеңілдету және сатып алу мерзімдерін қысқарту.
СНХ: МҰХАММЕД ХАМИТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін өнім берушіні таңдаудың бағалық емес талаптарын күшейту көзделген. Яғни, бұл жеткізушінің рейтингісін қалыптастыру мақсатында ақпараттық жүйелермен одан әрі интеграциялау. Яғни, бұл қаржылық есептілік, несие тарихы, сенімділік, бедел, сот тарихы. Екіншісі - қоғамдық мониторингті енгізу, жұртшылық тарапынан шарттардың орындалуын бақылау.
РКС: Бұдан басқа, заң сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыруға және құрылыс нарығын монополиядан шығаруға бағытталған. Сондай-ақ жеткізушілердің жауапкершілігін күшейтуді және бірыңғай сатып алу платформасын құруды көздейді.
СНХ: МҰХАММЕД ХАМИТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Құрылыс нарығын монополиясыздандыру. Яғни, бүгінгі таңда аумақтық белгі мен теріс мәнге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді аумақтық белгі үшін шартты жеңілдік мөлшерінің ұлғаюы 1-ден 2% - ға дейін болады. Теріс мәннің мөлшерін 0,1-ден 0,5% - ға дейін артты.
РКС: Осылайша қабылданған заң мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесін жақсартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Сондай-ақ оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді, - дейді мамандар.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ