Жүргізуші: Қазақстан жыл сайын халықаралық аренадағы өзінің орнын нығайтып келеді. Білікті дипломатияға, ашықтыққа негізделген сыртқы саясат өзге елдердің өзара әріптестікке қызығушылығын тудырады. Қазіргі уақытта еліміз 180-нен астам мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына Еуразиялық экономикалық одаққа, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына және өзге де халықаралық ұйымдарға мүше. Соңғы 1 жылда еліміз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті. Бұл өзінің оң нәтижесін берді және ұйым қызметін жаңа деңгейге шығарды, - дейді сарапшылар.
КСМ: Биыл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы Астанада өтті. Онда бірқатар құжаттарға қол қойылды және Қазақстанның ұйымға төрағалығының қорытындысы шығарылды.
СНХ: РИЗЗАТ ТАСЫМ САРАПШЫ: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында мемлекеттер арасында конструктивті диалог үшін жаһандық алаңдар азайып жатқаны байқалады. Халықаралық келіссөздердің көптеген дәстүрлі форматтары тиімділігін жоғалтып жатыр. Осы ретте, Астана көпжақты келіссөздер үшін қолайлы платформа ретінде өзінің орнын сақтап тұр. Бұл қорытынды декларцияда көрініс тапты. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қазақстанның 2023-2024 жылдардағы төрағалығының оң нәтиже бергенін атап өтті. Ұйым халықаралық аренада күшейді, қызметі жаңа сапалы деңгейге шықты.
КСМ: Қазақстан түрлі деңгейде шамамен 150 іс-шара өткізді. Олар цифрландыру, туризм, энергетика салаларын қамтыды. Бизнес-форумдар, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар кеңесі өтті. Келісім-шарттар жаңа 60 құжатпен толықты. Оның ішінде есірткіге қарсы стратегия, экономикалық әріптестік стратегиясын орындау жоспары, қоршаған ортаны қорғау туралы келісім бар. Халықаралық ұйымның, оның серіктестерінің шеңбері кеңейді.
СНХ: РИЗЗАТ ТАСЫМ САРАПШЫ: Саяси мақсаттарды жүзеге асыру үшін экономикалық тетіктерді қолдану әріптестер арасында сенімсіздік туғызады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы дамуының алдыңғы кезеңінде маңызды тарихи миссияны орындады. Мүшелері арасындағы шекаралық сұрақтардың бейбіт жолмен шешілуіне әсер етті. Осылайша, территориялық сұрақтар, ұзаққа созылған ұрыстар болған жоқ, экстремистік идеология таралған жоқ. Экономикалық кедергілер де болмады.
КСМ: Мемлекет басшысы ұйымының алдыңғы саммитінде қойылған мақсат-міндеттерді Қазақстан толығымен орындағанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттерге қазақстандық бастамаларды қолдағандары және оны іске асыруға белсенді қатысқандары үшін ерекше ризашылығын білдірді.