ДИКТОР: "Таза Қазақстан" акциясы аясында республикалық экоплоггинг Бурабай ауданында өтті. 300-ден астам адам Абылай хан алаңы мен Бурабай көлінің жағалауын қоқыстан тазартты.

РКС: Өңірдің әр ауданынан келген жастар 2 топқа бөлініп Бурабай курорттық аймағын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, олар қонақтар мен жергілікті тұрғындарды тазалыққа шақырды.

СНХ: КАРИНА СӘРСЕМБАЕВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Президенттің жарлығымен “Таза Қазақстан” акциясын қолдауға Бұланды ауданынан келіп тұрмыз. Бұл акция Отанды сүюге, елімізді қорғауға, оны көркейтуге әкеледі. Бурабай тұрғындарын қоқыстарды жәшікке салуға шақырамын.

СНХ: АЙНҰР ҚАПЖАНОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Біржан сал ауданына келіп тұрмыз. Жалпы біздің ауданнан 20-дан астам адам келіп тұр. Біз жастарды патриоттық сезімге шақырғымыз келеді. Себебі, өз Отаның сүйетін адам ол шынымен де Отаның тазалықта ұстайды. Жалпы қазақстандықтарды тазалыққа шақырамыз. Қоқыстарды қоқыс жәшіктеріне тастаңыздар. Тазалықты сақтаңыздар!

РКС: Бұл игі іс "Адал адам, адал еңбек, адал табыс" тұжырымдамасын іске асыра отырып, патриотизм мен табиғатты барынша қорғауға бағытталған.

СНХ: АЙБЕК ДОСЫМБЕТОВ, ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Еліміз бойынша 60 шара ұйымдастырылып жатыр. Еліміздің барлық өңірлдерінен 5 мыңға жуық волонтер қатысып жатыр. Бұл жердегі негізгі мақсат - еліміздегі барлық аймақтарда осы табиғатты аялау жастарды тәрбиелеу.

РКС: Айта кетейік, "Таза Қазақстан" акциясы басталғалы өңірде 3 мыңнан астам экологиялық шара ұйымдастырылып, 80 мыңға жуық тонна қоқыс шығарылды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ