ДИКТОР: Былтыр кәсіп бастағысы келетін жастарға арналған 2,5 процентпен Ақмола облысында 185 несие берілді. Жеңілдікпен несие алу арқылы жылдан жылға кәсіпкер атанғандар артуда. Бұл туралы толығырақ тілшіміз Сабина Жамшитова тарқатады.

РКС: Көкшетау қаласының 25 жастағы Ибрагим есімді тұрғыны өз кәсібін ашуды жоспарлап жүрген болатын. Агро кредиттік ұйым жайлы толығырақ біліп, білім беру саласын дамыту мақсатында ағылшын тілін үйрететін мектеп ашқан.

СНХ: ИБРАГИМ АНУАРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз өткен жылы Агрокредиттік ұйымнан 5 млн теңге алдық. Жеңілдетілген несиелеудің үстеме проценті -2,5% болды. Бұл бізге мектептің техникасын, жабдықтарын сатып алуға айтарлықтай көмектесті. Бізге берген бизнес жоспар бойынша қыруар жұмыс атқардық. Тіпті жүктелген жұмысты жоспардан асыра орындадық. Біздің 40 студентіміз қазір 250 студентке дейін өсті. Менің ойымша, бұл өте керемет нәтиже.

РКС: Қоғамда жастарды кәсіпкерлікке тарту өзекті мәселелердің бірі. Өскелең ұрпақтың жеке кәсіп ашып, жұмыспен қамтылуы-еліміздің экономикасына қосқан үлесі. Мемлекет тарапынан облыс бойынша қолдау алған азаматтарымыз да бар. Солардың бірі Зеренді ауданының тұрғыны Азамат Байғазин. Өз кәсібін ет, балық өнімдерін өңдеуден бастаған. Бірақ ет пен балық өнімін екі бөлек жүргізу керек екенін түсініп, балықты сүрлеуден бас тартқан. Кәсіпкер өз өнімдерін Зеренді ауылында сатады. Сонымен қатар, әртүрлі ет өнімдерін сүрлеу қызметі де бар.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҒАЗИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өткен жылдың мамыр айында аграрлық корпорация арқылы 5 млн.көлемінде 2,5% несие алдым. Ет өнімдерін өндіру және өңдеу. Бастапқыда балық өнімдерін де өндірген болатынмын. Тәжірибе көрсеткендей балық пен ет бір уақытта бір жерде шығарылмайды. Мен тек ет өнімдерімен айналысуды таңдадым. Қазіргі уақытта цех жұмыс істейді. Мен ет сататын жер аштым, ол арқылы бәрі сатылып, іске асырылады.

СНХ:ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жастарды несиелеу бойынша 855 млн. теңге бөлінді. Несиелеу 2,5 пайызды құрады. Онда несиелер бағыттар бойынша бөлінді. Егер бұл мал шаруашылығын несиелеу болса, онда несие мерзімі 7 жыл болды. 5 жылға дейінгі бизнестің басқа түрлері үшін несиенің сомасы 5 млн теңгеден аспайды. 2023 жылы 855 млн теңгеге 185 кредит бөлінді. Негізінен бұл несиелерді жастар алды. Мал шаруашылығы саласын дамыту, қызмет көрсету саласын дамыту, білім беру саласын дамыту үшін бөлінді. Жастардың 5 жылдан аспайтын мерзімге бизнесі болуы міндетті шарт болып табылады. Яғни, 5 жылдан астам уақыт кәсіпкер болған кәсіпкерлер жас кәсіпкерлердің есебінен жүріп жатыр. Міндетті түрде 5 жылға дейін.

РКС: Ел болашағы жастардың қолында демекші олардың кәсіп бастауының өзі үлкен өмірге бір қадам десе де болады. Қазіргі таңда жас кәсіпкерлеріміз бастаған әртүрлі кәсіптерін одан әрі дамытып, ауқымды арман мақсаттарын іске асыруды ойластыруда.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛЬОВЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ