ДИКТОР: Егіндікөл ауданындағы "Ушаково-Агро" серіктестігінің машина трактор шеберханасында техника жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүреді. Жергілікті шеберлер ескірген бөлшектерді өздері қалпына келтіреді.

РКС: Серіктестіктің техника жөндеу шеберханасы кешегі Кеңес кезенін көз алдына елестетеді. Әр адам өзіне тиісті машиналармен өзге де көліктерді қолдарымен жөндеп, қатарға қосады.

СНХ: ИВАН СЕМИРОЗУМ, МЕХАНИЗАТОР: Комбайндар жаңа. Кировецтің моторын өзіміз жөндейміз. Жастарды үйретеміз. Олар да осы жұмысқа бейімделіп келеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДӘУРЕН БАЛТАБАЕВ, ЖҮРГІЗУШІ: Осы шаруашылықта көптен бері еңбек етіп келемін. Мен өзім Газель автокөлігін айнаймын. Еңбек етсен ерінбей, ақша тауып отбасын асыруға болады. Серіктестік әлеуметтік пакеттерді толық беріп отыр. Тек қана жұмыс істеу керек.

РКС: Шөп шабу науқанына тартылған техникалар сынып қалса осы шеберханаға жедел жеткізіліп, санаулы сағаттарда алқап басына қайта шығады. Жөндеу жұмыстары жыл бойы тоқтамайды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ