ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласына іс- сапары барысында бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы 4 мектепте жүріп жатқан жөндеумен, сондай-ақ, дәрігерлік амбулаторияның және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.

РКС: Степногорск қаласында, Заводской және Ақсу ауылдарында орналасқан білім ошақтарында жөндеу жүріп жатыр. Марат Ахметжанов мердігерлерге нысандарды уақытылы тапсыру керектігін еске салды.

ЛЮФТ: Если мы говорим, что к 20 августу все должно быть готово, месяц остался, давайте, работайте!

РКС: Ақсу кентінің тұрғындары облыс әкімі Марат Ахметжановтың жеке қабылдауында 1980 жылы салынған дәрігерлік амбулаторияның жағдайы туралы мәселе көтерді. Сараптама ғимаратты тозған және жөндеуге жатпайды деп таныды. Облыс әкімі ауылға келіп, ғимаратты жеке қарап шықты. Бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, қажет болған жағдайда қайта сараптама жүргізу қажет, - деп атап өтті.

ЛЮФТ: Государственная экспертиза пройдет, оттуда мы уже будем двигаться.

-Вы намерены закрывать? - Нет, приостанавливать помощь мы ни в коем случае не планируем. - Тогда ремонтировать надо.

РКС: Сондай-ақ, Степногорск қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да назардан тыс қалған жоқ. Ғимарат екі блоктан тұрады. Бірінші блокта баскетболға, волейболға және шағын футболға арналған әмбебап спорт залы, екінші блокта күрес пен боксқа және басқа да спорт түріне арналған залдар жоспарланған. Сонымен қатар жаттығу орындары да қарастырылған. Нысанның аумағында екі футбол алаңы мен баскетбол алаңы, street workout алаңы орналасады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.