ДИКТОР: Бұланды ауданына қарасты Вознесенка ауылындағы апатты көпірдің мәселесі өткір тұр. Себебі, тұрғындар ауылдың арғы бетіне жете алмай әлек. Қазір жаңа көпір салынуда. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында көпірдің құрылысын тексерді.

РКС: Жаңа көпірдің құрылысына 724,5 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта әзірге жағалау тіректері орнатылып, іргетасы құйылды.

СНХ: КӨПЖАН БИЖАНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтыр 300 млн теңге ақша бөлінген. Оған айналма жол салдық. Сөйтіп, қалғандарына құрылыс материалдарын алдық. Бізде 70 пайыз құрылыс материалдары дайын. Бізге енді қиыншылық тудырып отырғаны Ақмола облысында балок құятын завод жоқ екені.

РКС: Жауапты мердігердің айтуынша, жұмыс 30 процентке орындалған. Ал, аймақ басшысы құрылыстың баяу жүріп жатқанына көңілі толмайтынын жеткізді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Таба алмадым ғой мен сіздерді, таба алмадым. Жаз бойы таба алмадым. Көктемде 2-3 рет келдім осы Бұландыға. Оны барлығы сосын басқаша әңгіме қылады. Жемқорлық, сыбайлас болып жатыр мына жерде. Өзі міне Төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай кезінде жасалған қылмыс ауыр санатқа жатады. Ешқандай ақталатын, не жеңілдететін уәждер жоқ ол жерде.

РКС: Мердігер ұзындығы 72 метр болатын көпір 1 қазан ел игілігіне беріледі деп сөз берді. Өңір басшысы Марат Ахметжанов құрылыс сапалы әрі уақытылы аяқталмаса, заң аясында жауапкершілікке тартатынын қадап айтты.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ