ДИКТОР: Қазақстанда геологтар тапшы. Еліміз қазба байлықтарына, әлі де толық зерттелмеген жерлерге бай. Бірақ, өкініштісі сол – қолда бар байлықты зерттеп, ел экономикасының, геология саласының дамуына үлес қосатын мамандар жеткіліксіз. Бұл олқылықты реттеп, аталмыш салаға жастарды тарту мақсатында жыл сайын оқушылар арасында олимпиада ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Ал, олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары беріледі. Биыл халықаралық жас геологтар олимпиадасы алғаш рет біздің өңірде өтті. Бірнеше елден келген оқушылар Щучинск қаласындағы Білім-Инновация IT лицейінде бас қосты.

РКС: Елімізде 9 жоғары оқу орны геологтарды даярлайды. Жыл сайын, шамамен, 250 жас маман қолына дипломын алады. Бірақ, оның өзі аздық етуде. Мамандардың пайымдауынша, бізге жылына 700 геологты оқытып шығару керек.

СНХ: ЕРЛАН АҚБАРОВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ГЕОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ :

РКС: Жас геологтардың жетінші халықаралық олимпиадасының мақсаты– жастарды ерте кәсіптік бағдарлау, оқушылардың геологияға деген қызығушылығын ояту, олардың назарын геоэкология және жер қойнауын қорғау мәселелеріне аудару. Далалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алғандар бұл шараның жас таланттар арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналғанын атап өтті.

СНХ: ҒАЛЫМ НҰРЖАНОВ, «ЖАС ГЕОЛОГ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Геолог деген ол не?! Ол ғылым ғой. Әлі зерттелмеген. Сондықтан біздің Қазақстанымыз, байтақ жерімізде зерттелмеген кен орындары бар. Әр түрлі сирек кездесетін металлдар бар. Соның бәрін зерттейтін біздің болашақ Қаныш ағаларымыз осы балалардың ортасында. Сондықтан біз оларды ашуымыз керек. Сөз бар ғой: жүрген жеріңде бұлақтың көзін аш деген. Сол біздің мақсатымыз балалардың қазіргі уақыттан бастап талпынысын итермелеп, көмектесу.

РКС: Халықаралық додаға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстанның 9-11 сынып оқушылары қатысуда. Барлығы 20 команда. Әрқайсында 8 оқушыдан. Болашағын геология саласымен байланыстыруды көздейтіндердің бірі астаналық «Альтаир» құрамасының бұрымдылары.

СНХ: ДІЛНӘЗ НҰРХАМИТ, «АЛЬТАИР» ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ:

РКС: Олимпиададағы жарыстар дала тұрағын ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасының негіздері, палеонтология, магнитометрия, минералогия және петрография, шлихті сынау, гидрология, мұнай мен газды іздеу, геологиялық кесу және геологиялық маршрут сынды бірнеше бағыттар бойынша өтеді.

СНХ: МИХАЙЛ ГОСПОДАРИК, «БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАС ГЕОЛОГТАРЫ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бізде геология саласы онша дамымаған. Сондықтан, бұл біз үшін жәй ғана хобби. Маған геология саласы өте қызық. Геология – әлемнің барлық ғылымы тоғысатын сала. Маған зерттеу, анықтау ұнайды.

РКС: Жас геологтардың олимпиадасы бір апта жалғасады. Нәтижесінде, ең үздік деп танылған оқушыларға еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарынан білім гранттары беріледі. Соңғы 7 жылда осы олимпиаданың арқасында 50 оқушы тегін оқуға мүмкіндік алып, геолог мамандығын меңгеріп шыққан. Олардың дені, бүгінде, еліміздегі ірі компанияларда қызмет етіп жүр.

САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ