ДИКТОР: Көкшетауда әскери-техникалық мектептің курсанттары салтанатты түрде ант қабылдады. Іс-шараға жас курсанттардың отбасы мүшелері, достары мен оқытушылары қатысты.

РКС: Рәсім Мемлекеттік Туды алып шығу мен әнұранды орындаудан басталды. Содан кейін бөлім командирі түлектерге әскери тәртіптің маңыздылығын және болашақ сарбаздардың Отан алдындағы жауапкершілігін атап өтіп, сарбаздарды құттықтады.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ "ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ" ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі іс-шара - бұл төртінші лек, әскери-техникалық мектепті 37 сарбаз бітірді. Олар бүгін әскери ант қабылдады. Жыл ішінде бізде 7 лек бар. Әскери-техникалық дайындықты аяқтағаннан кейін олар күштік құрылымдарға баруға құқықтары бар. Бұл - ұлттық қауіпсіздің комитеті, төтенше жағдайлар мен полиция. Әскери-техникалық мектепті бітіргеннен кейін олар билет алмайды, күш құрылымдарына қызмет етуге баратындар ғана алады.

РКС: Жиналған ата-аналар бұл рәсімді қуанышпен тамашалады. Олардың көпшілігі балаларына әскери қалыптасу жолында көмектескен оқытушылар мен командирлерге алғыстарын білдірді.

СНХ: ЖАНАРБЕК ҚАМАЛИЕВ – КУРСАНТТЫҢ ӘКЕСІ: Міне ант қабылдадф. Анттары құтты болсын, Отан алдында, ел алдында осылай елді қорғап. Қаншама бүгін ант қабылдап жатыр, Отанымызды шештік болсын, қазақ елі алға қарай жылжи берсін, жаңа Қазақстанды өрлей берсін! Ата аналар, міне келіп жатыр бәріміз қуаныштымыз, сол Қазақстан алға жыл жіберсін рахмет бәріңізге!

РКС: Ресми бөлім аяқталғаннан кейін түлектерге әскери дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар табысталды. Курсанттардың ата-аналары ұлдарын құттықтап, естелік суретке түсті.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ