ДИКТОР: Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Гүлмира Қасымова диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике қызметінде жұмыс істейді. Оның жұмысы ерекше балалардың денсаулығын ескере отыра арнайы тамақтану кестесін ұйымдастыру. Сондай-ақ өмірден ляззат алып, қуана білуді үйрету. Қойылған міндеттер мен көптеген сын-қатерлерге қарамастан, Гүлмира Қасымова пациенттердің әрқайсысына жеке ас-мәзірін әзірлейді.

РСК: Гүлмира Қасымова адамдарға көмектесу оның басты міндеті деп санайды. Бала кезінен мейірбике болуды армандаған. Мектепті тамамдағаннан кейін жоғары медициналық колледжге түсті. Жас маман еңбек жолын 2017 жылы облыстық наркологиялық диспансерде бастаған. Теңгерімді тамақтану - денсаулықтың кілті, - дейді ол ондаған кішкентай пациенттеріне.

СНХ: ГҮЛМИРА ҚАСЫМОВА, ДИЕТАЛЫҚ ТАМАҚТАНУ ЖӨНІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕ: Мен мамандықты анама қарап таңдадым. Менің анам да медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етуде. Ерекше балалармен жұмыс істеу маған қуаныш сыйлайды. Өзімді қоғамға пайдалы сезінемін.

РСК: Гүлмира Қасымованың емделушілері арнайы тамақтануды қажет ететін түрлі аурулары бар балалар. Сондықтан әр баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мәзірді үлкен жауапкершілікпен жасайды. Әріптестерінің алдында ерекше құрметке ие. Жас маманның қысқа мерзімде әріптестерінің арасына тез сіңісіп кеткенін және кәсібилігін әріптестері де атап өтті.

СНХ: СЕРІК ӘЛМЕСЕКОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Оның үлкен еңбек өтілі бар. Жұмысында өте жауапты, әрі ұқыпты. Күн сайын білімін жетілдіруде. Денсаулық сақтау бойынша заңнамалық базаны жақсы игерген.

РСК: Бүгінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 62 бала бар. Барлық балаларға 8 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет көрсетілді. Орталықтағы балалар өздерін үйдегідей сезінеді, - дейді мамандар.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.