ДИКТОР: «Балажан» бағдарламасы - осыдан бірнеше жыл бұрын Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған Щучинск балалар үйі» мекемесі мен «Ана үйі» қоғамдық қорының бірлесе, бала тәрбиесіне енгізген пилоттық жобасы. Бағдарлама балаларды отбасылық өмірге бейімдеуге бағытталған. Бүгінде шетел ғалымдарының зерттеу жұмыстарына негізделген жоба оң нәтижесін беруде. Осыған орай Щучинск қаласына АҚШ-тың Питтсбург университетінің профессоры Трейси Ларсон арнайы келді.

РКС: «Балажан» бағдарламасы авторларының бірі - Трейси Ларсон. АҚШ-тың үздік сарапшыларының қатарында. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайын отбасылық талаптарға жақын етіп өзгерту, баланың жаңа отбасына бейімделіуне септігін тигізеді деген болжамға келген. Бүгінде бұл жобаны белсенді насихаттауда.

СНХ: ТРЕЙСИ ЛАРСОН, АҚШ-ТЫҢ ПИТТСБУРГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Мен Питтсбург университетінің «Балажан» жобасының балалар үйіне енгізгелі балалардың өмірінде жақсы өзгерістер пайда болғанын байқадым. Осы бағдарлама арқылы әріптестеріміз бала мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қол жеткізді. Сонымен қатар, олар баланың өміріндегі өзгерістерді барынша азайтуға мүмкіндік алды. Олар «Жақын адам» деген түсінікті игере бастады. Бұл баланың бір адамға ғана үйренуге ықпалын тигізеді. Сондай-ақ тәрбиешінің жауапкершілігін де арттыруға себепші. Бала мен тәрбиешінің арасындағы байланыс ата-ананың жетпеген қамқорлығы мен махаббатын азда болса алмастыруға мүмкіндік береді.

РКС: Жоба барысында балалар үйіндегі 1 топтағы балардың саны 15-тен шамамен 6-5-ке дейін азайған. Жақын арада ата-ана қамқорлығына өтетін баламен 1 ғана бекітілген тәрбиеші айналыса бастады. Бұл баланы болашақ ата-анасымен жақын байланыс орнату мақсатында жасалған. Бағдарламаның негізгі мақсаты тек баламен ғана емес «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағы аналармен де тығыз байланыс орнату.

СНХ: ЛАУРА АҚАТАЕВА, «АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Мысалы, Ресей елінде 481-ші қаулы қабылданды. Оған сәйкес барлық балалар үйлерінде, интернат мекемелерінде және әлеуметтік мекемелерде қызмет ететін дәрігерлер мен сала мамандарына балаларды асырап қана қоймай, отбасылық құндылықтарды бала бойына сіңіріп оны отбасы қарым-қатынасына тәрбиелеу. Онда ата-аналарды алмастыратын барлық жағдайлар болуы шарт. Сондай-ақ, асырап алам деуші ата-ананларға бар мүмкіндік қарастырылған. Олар емін-еркін қалаған уақытында баламен кездесіп, байланыс орната алады. Әрине туған ата-ананның орны ерек. Ең бірінші біз туған ата-анамен қажетті жұмыс жүргіземіз. Егер нәтиже бермесе жақын туыстарымен байланысқа шығамыз. Тек содан кейін ғана өзге отбасының қамқорлығы туралы сөз қозғалады.

РКС: Бүгін Щучинск қаласында орналасқан балалар үйінде 30-дан астам бала тәрбиеленуде. Оның төртеуі тұрақты түрде орналасқан. Бұл балалардың ата-аналары қиын өмірлік жағдайға тап болған. Ал қалған балалар күндізгі қаралымда.

СНХ: АЙГҮЛ ЖҰМАТАЕВА, «МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЩУЧИНСК БАЛАЛАР ҮЙІ» МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 2019-2024 жылдары 48 бала қамқорлыққа алынып, 15 бала отбасыларына оралды. Процесс өте күрделі және ауыр. Бұл іс-шаралар сот арқылы өтеді. Сондықтан біз әр отбасымен жеке-жеке жұмыс істейміз. пысықтаймыз. Осы жобаны 2018 жылдан бері қолданып келеміз. Бүгінде шамамен 18 тәрбиеші мен 10 бала күтуші және 10 медицина қызметкерлері арнайы оқудан өтті. Қазір қамқорлық және денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы бойынша 1 жылға дейінгі уақытқа ата-анасы қиын жағдайға тап болған балаларды мемлекеттік қолдаудың аясында оңалтуға қабылдаймыз.

РСК: Жалпы мекеме 3 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істейді. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Ерекше балалар да күндізгі уақытта мамандардың қадағалауында болады. Бүгінде шетелдік бағдарламаны қолданысқа енгізгелі жетімдердің саны біршама азайған. Ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігі артса, жетімді жылатпаған елдің балалар үйі азаяр ма еді?!

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ