ДИКТОР: Зеренді ауданы Қызылегіс ауылының тұрғындары электр энергиясы жиі сөнеді деп шағымдануда. Оған себеп желілер әбден тозған. Осындай мәселе өзге ауылдарда да бар. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі жағдайдың қиындығы сонша, аумақта үшінші жыл қатарынан техногендік төтенше жағдай жарияланған.

РКС: Қызылегіс ауылының тұрғындары үш күннен бері электр жарығын алмай отыр. Тұрғындар төлемақыны уақытылы жасайды. Қажетті қуат та жеткілікті. Басты мәселе - ескірген инженерлік желілер. Ауыл тұрғындары қыста да, жазда да қолайсыздыққа тап болады.

СНХ: ҚОНАЙ ДЕМЕСЕНОВ – ҚЫЗЫЛЕГІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ : Біз Қызылегіс ауылының тұрғындары. «Көкшетау энерго»-ға айтқымыз келетін. Ай сайын үнемі уақытылы ақшасын төлеп тұрамыз, светтің. Неге біз светсіз отырамыз? Күніне 3-4 рет сөнбесе свет болмайды.Сонда біздің төлеп жатқан қаражатымыз қайда кетіп жатыр? Неге біз ақшасын төлеп отырып, светсіз отырамыз? Мінеки, жаздың жайы. Қыс болса жарайды. Қыста боран дейік, дауыл дейік, онда жарайды. Свет болмай қалса, оны түсінуге болады. Мына жаздың жаяғында мінеки, жарқырап тұрған күнде, міне шаруа істеу керек, біз светсіз отырмыз.

РКС: «Көкшетау Энерго» серіктестігі тек қызмет көрсетуші ғана екенін атап өткен жөн. Электр желілері оларға тиесілі емес, Зеренді ауданының балансында да жоқ. Желілердің иесі ұзақ жылдар бойы оларға күтіп ұстамайды.

СНХ: СЕРІК ИСАХАНОВ –ЗЕРЕНДІ АУДАН ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Желілер 70-80-ші жылдары салынған. Олардың тозығы жеткен, электр қуатына қатысты мәселелер үнемі болып тұрады. Бізде мердігерлер – 3 бригада апат орнына барып, салдарын жояды. Біз сот даулары мен сот ісін де жүргіземіз. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы орган бірнеше істерді жеңіп шықты. Дегенмен, мәселе бар. «Зеренді-групп» акционерлік қоғамы өзі жөндеу жұмыстарын жүргізбейді. Жергілікті атқарушы органдар күндіз-түні жұмыс істеп, олқылықтарды жойып, жұмыстар жүргізеді.

РКС: Төтенше жағдай режимі жергілікті әкімдікке апатты жөндеу жұмыстарына жеке компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Бригадалар ауа райы жағдайына қарамастан жыл бойы жұмыс атқарады.

СНХ: ЖАСҰЛАН ФАЙЗУЛЛИН – «АЛТАЙЭНЕРГОСТРОЙ» СЕРІКТЕСТІГІ УЧАСТІГІНІҢ ШЕБЕРІ: «АлтайЭнергоСтрой» – ЖШС-мен келісім бойынша жұмыс істейтін жедел бригада. Осылайша, біз желілер апат болған кезде бұзылған жерлерді жөндейміз. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Менде 4 адам және үш техника бар. Бізде барлық құрал-жабдықтар бар. КамАЗ манипуляторы бар. Төтенше жағдайлар бригадалары пайдаланатын екі көлік, КамАЗ және УАЗ бар. Біз төтенше жағдаймен айналысамыз. Желіде оқыс оқиға болса, біз шығып, себебін тауып, оны түзетіп, желіні іске қосамыз. Кейде бірнеше күн іздейміз, кейде оны бірден табамыз.

РКС: Зеренді ауданындағы Қызылегіс ауылынан бөлек Көктерек, Серафимовка, Қойсалған, Желтау және басқа да елді мекендер де жиі жарықсыз қалады. Бұл мәселенің шешімі тек сот арқылы шығарылуы мүмкін.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ КАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.