ДИКТОР: Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Жергілікті тұрғындардың келісімімен қала әкімдігі бақылауға алып, мәселені шешеді. Жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов жаңа тұрғын үйлер мен Мәдениет үйінің құрылысымен танысты.

РКС: Щучинск қаласындағы 2 көпқабатты тұрғын үй апатты деп танылды. Енді оның орнына 6 қабатты жаңа тұрғын үйдің кірпіші қаланбақ. Жаңа нысанға апатты деп танылған үйдің тұрғындары және кезектегілер қоныстанады. Жаспарға сай биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, жыл соныңда пайдалануға берілмек.

ИНТЕРШУМ:

 - Площадь застройки будет около 2 тысяч, там немного изменено. У нас будет 6-этажный дом, лифт, с встроенными жилыми помещениями. Это цокольный этаж, там будут различного рода кладовки для людей. С этой стороны будут гаражи. – Марат Муратович, стоит отметить, что жители более 10 лет обращались, то, что старый аварийный дом. – И почему-то как-то движения не было, но вот с приходом нашего акима района. Как-то реновация у нас зашевелилась.

РКС: Сондай-ақ Щучинск қаласында 400 орындық мәдениет үй бой көтеруде. Онда фильм, көрме, би және ән залы болады. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

ИНТЕРШУМ:

- По просьбе местных жителей, оставили колонны, спереди будут у нас колонны, общий фасад травертин, спереди у нас благоустройство. Расположено у нас 18 мест, парковочных мест спереди, с задней стороны у нас 22 парковки. – Не мало? …. – С той стороны у нас тоже есть там с улицы, это в рамках проекта то, что производится. Давайте поторопитесь …

РКС: Жыл соңында қолданысқа берілетін жаңа мәдениет үйі жергілікті тұрғындар үшін демалу ортылығына айналмақ. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ