Жүргізуші: Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында 39 отбасына жаңа тұрғын үйден пәтерлер берілді. Қоныс иелеріне кілттерді облыс әкімі Марат Ахметжанов табыстады.

КСМ: 11 баланың анасы Елена Кудаеваға 3 бөлмелі пәтер берілді. Оның отбасы Щучинск қаласында 20 жылдан астам уақыт өмір сүреді. Соңғы 12 бойы көпбалалы ана баспана кезегінде тұрған.

СНХ: ЕЛЕНА КУДАЕВА КӨПБАЛАЛЫ АНА: Бүгін, міне, пәтер кілтін табыстап жатыр. Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық. Менімен 8 балам тұрады. Алған пәтеріміз керемет, әдемі. Мемлекет басшысына алғыс айтамыз.

Интершум

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Баспана болған кезде жоспар болады, жобалар болады. Сондықтан сіздерге кіріп жатқан үйлеріңізде жақсылық мол болсын, қуаныш көп болсын, құт береке болсын. Осы жерде балапандарыңызды өсіріп, жақсы білім беріп, жақсы тәрбие беріп, осы егеменді Қазақстанымыздың, еліміздің бір бетке ұстар азаматтары болып өссін. Баспаналарыңыз құтты болсын.

КСМ: Бурабай ауданында денсаулық сақтау қызметкерлеріне арнап 45 пәтерлі үй салынды. Бұл ауданға қажетті мамандарды тартып, кадр тапшылығын шешуге сеп болмақ. Бүгін 30 медицина маманы пәтер алды. Олардың бірі - дәрігер-терапевт Гүлжан Жұмабекова.

СНХ: ГҮЛЖАН ЖҰМАБЕКОВА ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ: Бұл пәтерге кезекте шамамен бір жылдай тұрдық. Жергілікті атқарушы органдар берген уәделерінде тұрды. Қуаныштымыз. Енді тек алаңсыз жұмыс істеу ғана қалады.

КСМ: Жыл соңына дейін облыстық бюджет есебінен кезекте тұрғандарға барлығы 841 пәтер сатып алынбақ. Осыған дейін Көкшетау, Қосшы қалаларында, Бурабай, Зеренді аудандарында 200 пәтер көпбалалы аналарға, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді.