ДИКТОР: Бурабайда Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан VIII республикалық турнир өтті. Додаға еліміздің әр өңірінен 15 команда қатысып, бақтарын сынады. Ауған соғысы ардагерлері жастарға патриоттық тәрбие беріп, Отанды сүюге, туған жерді қастерлеуге шақырды. Жарыс қонақтары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің генерал лейтенаты "Халық қаһарманы" Бақытжан Ертаев, күштік құрылым ардагерлері, қоғам қайраткерлері ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысын иеленсе, екінші орынды Астана қаласы еншіледі. Ал үздік үштікті Павлодар қаласы түйіндеді. Оларға арнайы грамота, кубок және ақшалай сертификаттар табысталды.