Жүргізуші: Облыс әкімі астрахан ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Марат Ахметжанов өз сөзінде түрлі салада атқарылған жұмыстарға тоқталды. Өңірдегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Ірі кәсіпорындардың жоқтығы, бидайды қайта өңдеудің төмендігі, өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың әлсіз жүргізілуі ауданның дамуына тежеу болып тұр.

КСМ: Астрахан ауданы - көктемгі су тасқынынан зардап шеккен, сол кезде төтенше жағдай жарияланған аймақтардың бірі. Облыс әкімі табиғи апатқа қарсы күреске белсенді ат салысқан жандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Астрахан ауданында және жалпы облыс бойынша тасқын салдарын жою жалғасып жатқанын жеткізді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Барлық зардап шеккен 186 отбасыға біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. 70 млн теңгедей қаражат төленді. 93 отбасына мүліктік шығын өтелді. Бұл ретте ауданның шұғыл түрде іске кіріскенін атап өту қажет.Бүгінгі таңда Астрахан ауданы зардап шеккен ауылды мекендердің, ауылдардың, қалалардың ортасынан бүгінгі бүкіл 34 отбасын көшірдік, жаңа үй сатып алып бердік оларға. Жалпы көлемде 286 млн теңге жұмсалды.

КСМ: Облыстың өнеркәсіптік өндірісіндегі ауданның үлесі өте төмен. Небәрі - 0,3 процент. Ауданда ірі кәсіпорындар жоқ. Алайда әлеуеті жақсы. Астана қаласымен, Қостанай облысымен, Қазақстанның батыс өңірімен және Ресеймен тікелей теміржол байланысы бар. Облыс әкімі бұл мүмкіндік толыққанды пайдаланылмай отырғандығын атап өтті. Өңір басшысы аудан әкімі Талғат Ерсейітовке ауыл шаруашылығын дамытудың сараптамасын жасауды және жағдайды жақсарту үшін қажетті шаралардың қабылдауды тапсырды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінде ауданда ұн өндірісі тағы 15 процентке төмендеді. Ал жылдық көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 5 есе азайған. Ол кезде сіздер 51 мың тонна ұн шығаратынсыздар. Қазір 9 мың ғана. Әлеует бар, мүмкіндіктер бар, осыған көңіл бөлу керек. Біз мүмкін емес нәрсе айтып отырған жоқпыз. 10-13 жыл бұрын болған көрсеткіштер ғой. Өндірістің дамуы кедергілер болып тұр.

КСМ: Кездесу соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан астрахандықтар алғыс хаттармен марапатталды. Ал жеке қабылдауға келген тұрғындар жол жөндеу, жер, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларына қатысты сұрақтар көтерді. Марат Ахметжанов олардың барлығы мұқият қаралатынын жеткізді.