ДИКТОР: Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылындағы орта мектепке 100 жыл толды. Бір ғасырлық мерейтойға орай салтанатты іс-шара өтті. Оқу орнының тарихы 1924 жылдан басталады. Алғашында Кеңес мектебі «шаруа жастарының мектебі» деп аталды. Содан 1950 жылы өзінің ұсақ мал фермасы, мектеп-интернаты, орыс-қазақ сыныптары бар Кеңес орта мектебіне айналды. 1967 жылы «Жұмабай Нұркин атындағы орта мектебі» болып өзгертілді. Талай елге танымал тұлғаларды тәрбиелеп шығарды. Олардың арасында балалар жазушысы Айтпай Шаншаров бар. Қазіргі таңда бұл мектеп - 360 орындық білім ошағы. Онда 75 оқушы білім алады. Келесі жылы мектеп ішінде күрделі жөндеу жасау жоспарланған.