ДИКТОР: 10 шілде - ветеринариялық қызметкер күні. Ветеринарлардың кәсіби мерекесі елімізде биыл алғаш рет аталып өтуде. Атаулы күнге орай Көкшетауда салтанатты шара ұйымдастырылып, үздік мамандар марапатталды. Оған облыстың әр түкпірінен мамандар шақырылған.

РКС: Облыс аумағында ветеринария саласында 670 адам еңбек етуде. Өңірдегі биологиялық жағдай тұрақты, төрт түлік арасында ауру ошағы жоқтың қасы. Тек Зеренді ауданы Қонысбай ауылында бруцеллез ауруы тіркелген. Ол жердегі жағдай бақылауда, ошақ жойылды, малдар ауруға қарсы екпемен егілді, - дейді өңірдің бас ветеринар дәрігері.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Кадр тапшылығы мәселесі бар, жас мамандар келгісі келмейді. Институтка, университетке барамыз, колледждерге барамыз, мамандарды шақырамыз. Облыс әкімі Марат Мұратұлы осы мәселеге көңіл бөліп, қазір әр аудан әкіміне міндеттеді. Осы мал дәрігерлеріне үй берілсін деген. Және осы мамандардың жалақысын 35 процентке көтеруді сұрап хат жолдады. Расында да бұған дейін көңіл бөлінбеді ветеринар саласына, қазір үлкен көңіл бөлінуде.

РКС: Биыл ветеринария саласына облыс бойынша 660 миллон тенге қаржы бөлінген. Ол сомаға автокөлік, ветеринарларға планшет алынып, мал өлекселерін тастайтын корымдар салынуда. Қазір облыс аумағында 9 мал қорымының құрылысы жүруде.

СНХ: МАНАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ветеринар мамандарды осы кәсіби мерекемен құттықтағым келеді. Облыстағы ветеринарлық инспекцияда 110 адам жұмыс істейді. Біздің міндетіміз Ақмола облысына келген биологиялық және тамақ қауіпсіздігін тексеріп, қадағалап отыру. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

РКС: Салтанатты шарада өңірде үздік деп танылған ветеринария саласының мамандары марапатталды. Оларға алғыс хат пен "Елеулі еңбегі үшін", "Еңбек даңқы" бірінші дәрежелі төсбелгілері табысталды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ